Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 газет

29 тамыз 2026 ж.

№64 газет

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Сыр елінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті

Сыр елінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті

Қызылордадағы Мемлекеттік Рәміздер аллеясында ұлттық мереке - Республика күніне орай облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Елдік рух пен ұлттық ұстанымды бекіте түсетін рәсімге құқық қорғау органдарының, басқарма, департаменттердің басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен күштік құрылымдар мамандары қатысты.

Мемлекеттік ту көтеру сәтінде Қазанғап атындағы Қызылорда жоғары музыкалық колледжінің хор ұжымы Гимн орындады.


Еске салайық, ұлттық мереке күні бірлігіміздің символы – көк байрағымызды көтеруге арналған патриоттық акция еліміздің барлық аймағында өтуде.

Қызылорда облысының баспасөз қызметі
26 қазан 2024 ж. 324 0