Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫМ, САҒАН АЙТАЙЫН…

ҚЫЗЫМ, САҒАН АЙТАЙЫН…


(анасының Меңтайға айтқан 10 ақылы)

Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» атты кітабын оқымаған қазақ кем де кем болар. Ал сол романдағы анасының қызына айтқан мына бір насихаты біраз жүрекке ой салары сөзсіз:
♦️ Қыздың жақсы жігітке шығуы, жігіттің жақсы жар таңдап алуы – жеңіспен пара-пар. Алдымен жеңіске жету қымбат, ал жеңген жеңісті баянды ету – одан да қымбат.
♦️ Ешқашан да ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады.
♦️ Ақ көңіл, адал ниеттен туған іс әсем болмаса да сүйкімді. Айла мен арамдықтан туған іс әдемі болса да жиіркенішті.
♦️ Кемшіліксіз кісі болмайды, оны көруден оңай жоқ. Кісі кемшілігін тез көруге емес, тез түзетуге көмектес.
♦️ Қыз көйлегінің етегі тізеден жоғары болмауы керек, себебі қыздың жалаңаш жеріне көп көзінің құрты түскіш келеді. Ал халықта «Есті қыз етегін қымтап ұстайды» деген мақал бар.
♦️ Ауыз шешендік әркімде болады. Әсіресе, қыздың аузы сүйреңдеп көп сөйлемегені абзал. Өйткені қыздың күлкісі, жымиюы, бас изеуі, көзқарасы, жүріс-тұрысы – бәрі де сайрап тұрған сөз. Сондықтан оның аз сөйлеп, айналасына ақылмен танылғаны дұрыс.
♦️ Жақсы адам – магнит. Магниттің бірнеше темір шегені өзіне тартып ала алатыны сияқты, жақсы адамның да жанына жұрт көп үйіріледі. Өзің жақсы болсаң – айналаңда досың көп; жаман болсаң – жалғыз жүресің; орташа болсаң – сен де бір жақсының жанын жағалайсың. Досты сырттан іздеме, жақыннан ізде, өзіңнің ішіңнен, ішкі дүниеңнен ізде. Жаның жақсы, жүрегің жақсы, ақылды парасатты болса, іздеген досың алыстан үйіріліп өзі келеді.
♦️ Біздің ауылдың қазақтары баяғы ескі әдетпен әлі күнге дейін жүзге бөлінеді. Содан соң әлі жеткені әлсізді аяғынан шалып, бөтен жүздің баласы деп жұдырықтап, жұлмалап, жүндеп жатады. Алауыздықтың атасы болған жүз жойылса екен.
♦️ Кей адам кілт етпе келеді. Бірақ ол мінез жас балаға, сұлу әйелге және ғұлама адамға ғана жарасады. Бұл үшеуінен басқаға біткен қыңырлық-қырсықпен тең.
♦️ Біреуді пәленше көп біледі деп мақтайды. Көп білген адам көп тындырса, мақтауға болар еді. Көп біліп, түк тындырмайтындар да бар. Мұндай іске пайдасыз білгіштікті білдім деудің қажеті жоқ. Ондай «білгіштен» аз біліп, көп тындыратын қоңырқай адамның өзі артық

 

Asyl Arna Telearnasy


25 шілде 2018 ж. 1 222 0