Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Үйден дауыс беруге өтініш берген тұрғындарға жылжымалы сайлау жәшігі жеткізілді

Үйден дауыс беруге өтініш берген тұрғындарға жылжымалы сайлау жәшігі жеткізілді

Құрылтай сайлауы аясында денсаулық жағдайына немесе басқа да себептерге байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын, үйден дауыс беруге өтініш берген Аманкелді ауылының тұрғындары үшін барлық қажетті жағдай жасалды.

№169 сайлау учаскесінің жауапты мүшелері жылжымалы сайлау жәшігін тұрғындардың үйлеріне жеткізіп, азаматтардың өз таңдауын жасауына мүмкіндік берді.

Дауыс беру үдерісі қолданыстағы заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, әрбір азаматтың сайлау құқығын жүзеге асыруына жағдай жасалды.
23 тамыз 2026 ж. 81 0