Аманкелді ауылында сайлау учаскесі өз жұмысын бастады
Аманкелді ауылындағы №169 сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00-де өз жұмысын бастады. Сайлау учаскесінің ашылу рәсімі белгіленген тәртіпке сәйкес өткізіліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды.
Сайлау учаскесінде дауыс беруге қажетті барлық жағдай жасалған. Дауыс беру үдерісі қолданыстағы талаптарға сәйкес жүргізілуде.
Құрылтай сайлауы – азаматтардың өз таңдауын білдіріп, елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды науқан.











