Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдария ауданында «Бауырсақ Fest» іс-шарасы өтті

Сырдария ауданында «Бауырсақ Fest» іс-шарасы өтті

Сырдария ауданының барлық сайлау учаскелерінде «Бауырсақ пати» атты көңілді іс-шара ұйымдастырылды. Мереке тұрғындарға сайлау науқаны барысында демалыс, жақсы көңіл-күй сыйлап, бірлікті нығайтуға бағытталған.

Іс-шара барысында әр учаскеде қатысушыларға дәстүрлі қазақ тағамы бауырсақ ұсынылды. Сонымен қатар, жастар мен қарттар үшін шағын ойындар, байқаулар мен викториналар ұйымдастырылып, қатысушылардың белсенділігі арттырылды.

– Мұндай шаралар тұрғындарды сайлау учаскелеріне тартуға, олардың белсенділігін арттыруға және қоғамдық өмірге қызығушылығын оятуға үлкен септігін тигізеді. Біз әрбір қатысушыны көңілділікпен қарсы алып, бірлік пен достық атмосферасын қалыптастыруға тырысамыз, – дейді ұйымдастырушылар.

«Бауырсақ пати» іс-шарасы тұрғындар арасында жақсы қабылданып, барлық жастағы адамдардың қызығушылығын тудырды. Бұл бастама Сырдария ауданының қоғамдық өміріндегі жағымды дәстүрге айналып, болашақта да жалғасын табатыны сөзсіз.

23 тамыз 2026 ж. 65 0