Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сәдуақасовтар отбасылық ансамблі сайлауда дауыс берді

Сәдуақасовтар отбасылық ансамблі сайлауда дауыс берді

Ел болашағына бейжай қарамай, Сәдуақасовтар отбасылық ансамблінің мүшелері №155 сайлау учаскесінде дауыс беріп, өз таңдауларын жасады.

Азаматтық белсенділік танытқан өнерлі отбасы ел ертеңіне өз үлестерін қосып, маңызды саяси науқанға жауапкершілікпен қатысты. Олар сайлау учаскесінде өз дауыстарын беріп, қоғам өміріндегі белсенді ұстанымын көрсетті.

Сәдуақасовтар отбасы әр азаматтың дауысы ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтіп, сайлауға қатысу – ортақ жауапкершілік екенін жеткізді.

Әр дауыс – маңызды! Әр таңдау – ел болашағы!
23 тамыз 2026 ж. 90 0