Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарын сайлауда мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарын сайлауда мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық барысында мүгедектігі бар адамдардың да­уыс беруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында аумақтық сайлау комиссиясы жанынан құрылған мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөнін­дегі жұмысшы тобы Сырдария ауданына қарас­ты №154,156,158,­159,160,162,165,168,171 сайлау учас­ке­лерін аралап мониторинг жүргізді.

Сонымен қатар, облыс әкімі аппараты, Қызылорда об­лыстық сайлау комиссиясының өкілдерінің қатысуымен 7-9 тамыз аралығында сайлау учаскелерінің дайындығы, сайлау учаскелерінде пандустар, ыңғайлы кіреберістер, арнайы кабиналар және көру қабілеті төмен азаматтарға арналған құралдар мен автотұрақтар, кресло-арбамен жүріп-тұратын азаматтардың учаскеге кіру мүм­кіндігі қаралды.

Мониторинг қорытындысы бойынша анықталған кем­шіліктерді дауыс беру күніне дейін жою бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Сырдария аудандық сайлау комиссиясы

18 тамыз 2026 ж. 56 0