Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Елімізде мемлекеттік наградалар тізіміне «Шәмші Қалдаяқов» медалі енгізілді

Елімізде мемлекеттік наградалар тізіміне «Шәмші Қалдаяқов» медалі енгізілді

Бұл туралы Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

«Мәдениет пен өнер – ұлттық бірегейлігіміздің мызғымас тірегі. Сондықтан жаңа Ата заңда төл мәдениетімізді жан-жақты қолдау мемлекеттің конституциялық міндеті ретінде бекітілді.

Осы ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады.

Бұл мәртебелі марапаттар ұлт мәдениетіне қалтқысыз қызмет етіп, соның ішінде музыка және бейнелеу өнерін дамытуға сүбелі үлес қосқан азаматтарға беріледі», - деп жазды ол.

17 тамыз 2026 ж. 867 0