Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Ұлттық өнерді ұлықтайтын жаңа мемлекеттік наградалар пайда болады

Ұлттық өнерді ұлықтайтын жаңа мемлекеттік наградалар пайда болады

Мәдениет пен өнер – ұлттық бірегейлігіміздің мызғымас тірегі. Сондықтан жаңа Ата заңда төл мәдениетімізді жан-жақты қолдау мемлекеттің конституциялық міндеті ретінде бекітілді.

Осы ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады.

Бұл мәртебелі марапаттар ұлт мәдениетіне қалтқысыз қызмет етіп, соның ішінде музыка және бейнелеу өнерін дамытуға сүбелі үлес қосқан азаматтарға беріледі.
16 тамыз 2026 ж. 832 0