Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№61 газет

15 тамыз 2026 ж.

№60 газет

11 тамыз 2026 ж.

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Мектеп сөмкесін қалай таңдаймыз?

Мектеп сөмкесін қалай таңдаймыз?

Жақын күндері жаңа оқу жылы басталып, ата-ана мен ұстаз үшін қарбаласқа толы сәтке басталады. Бұл ретте, әрбір ата-ана мектеп формасы мен оқу құралын дайындап қана қоймай, балаға арналған сөмкенің салмағына да назар аударғаны жөн. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі оқушы сөмкесін таңдауға қатысты негізгі бірнеше талапты еске салды.

Мамандардың айтуынша, оқулық пен оқу құралы салынған сөмкенің жалпы салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспауы керек. Мысалы, салмағы 30 келі оқушының сөмкесі 3 келіден ауыр болмағаны дұрыс. Сыныпқа қарай ұсынылатын салмақ мөлшері де белгіленген. Бұл ретте, 1-3 сынып оқушысы үшін сөмке 2 келіге дейін, 4-5 сыныпта 2,5 келіге дейін, 6-7 сыныпта 3,5 келіге дейін, ал 8-11 сыныптарда 4,5 келіге дейін болғаны жөн.

Дегенмен бұл көрсеткіштерді абсолютті шек ретінде қабылдамаған абзал. Баланың нақты дене салмағы да ескерілуі қажет. Өйткені бір сыныпта оқитын екі баланың дене салмағы әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан рюкзак таңдауда «сыныпқа арналған салмақтан» бөлек, баланың жеке ерекшелігіне де мән берген дұрыс.

Сөмке таңдағанда оның сыртқы көрінісіне ғана мән бермей, баламен бірге өлшеп көрген дұрыс. Рюкзак оқушының бойына сай, арқасына ыңғайлы орналасып, иықбауы реттелетін болғаны маңызды. Сөмкені екі иыққа бірдей тағу жүктемені біркелкі бөлуге көмектеседі. Арқасына жанасатын бөлігі де назардан тыс қалмауы керек. Рюкзак баланың арқасына жайлы орналасып, қозғалысына кедергі келтірмегені жақсы.
Мектеп сөмкесінің материалы да ұзақ пай­далануға әсер ететін фактор. Мамандар берік әрі су өткізбейтін материалдан жасалған рюкзак таңдауға кеңес береді.

Оның ішінде, жарық шағылыстыратын элементі бар рюкзак болуы тиіс. Бұл әсіресе таңер­тең немесе кешкі уақытта жолда жүрген бала үшін қауіпсіздік тұрғысынан маңызды. Ал берік әрі су өткізбейтін материал сөмкенің ұзақ қызмет етуіне және оқу құралдарын жа­уын-шашыннан қорғауға мүмкіндік береді.

Бұл әсіресе күз мезгілінде маңызды. Жаң­быр немесе қар кезінде сөмкенің ішіне су өтіп кетсе, оқулықтар, дәптерлер мен басқа оқу құралдары бүлінуі мүмкін. Ал сапалы материалдан жасалған рюкзак мұндай жағдайдың алдын алуға көмектеседі.

Сонымен қатар тігістерінің сапасына, сыдырмаларына, түймелеріне және иықбауларының бекітілуіне қарап алған оңтайлы. Оқушы сөмкені күн сайын пайдаланатындықтан, оның бөлшектері тұрақты жүк­те­меге төтеп бере алуы керек.

Ата-ана сөмкенің ішін де мезгіл-мезгілімен тек­серіп отыр­ғаны дұрыс. Сол күні қажет емес оқулық, ескі дәптер мен артық кеңсе тауары рюкзактың сал­мағын көбейтеді. Сондықтан бала мектепке тек қажетті затты алып жүргені жөн.

Қысқасы, мектеп сөмкесін таң­дауда ең басты­сы – оның жеңілдігі, баланың денесіне сәй­кестігі және қауіп­сіздігі. Рюкзактың сал­мағын бақы­лау ар­қылы ата-ана оқу­шының күн­делікті оқу жүк­темесін жеңілдетуге мүм­кіндік алады.

Б.Қарамантегі
Фото: ашық дереккөз 
15 тамыз 2026 ж. 74 0