Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№60 газет

11 тамыз 2026 ж.

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Жол жөнделсе, жүріс өнеді

Жол жөнделсе, жүріс өнеді

Көлік инфрақұрылымын дамыту – әлеуметтік-экономикалық өсімнің маңызды бағыттарының бірі. Сапалы әрі жайлы жол көшенің ажарын арттырып қана қоймай, тұрғындардың күнделікті жүріп-тұруына, кәсіпкерлік пен сауданың дамуына, әлеуметтік нысандардың қолжетімділігіне тікелей әсер ететін маңызды фактор. Осыған орай ауданда жол инфрақұрылымын, көшелердің жағдайын жақсарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Терең­өзек кентіндегі автомобиль жолдарына жүр­гізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыс­тарының барысын бақылады. Қазіргі таңда кенттегі бірқатар көше жөнделуде. Жоба аясында жалпы ұзындығы 3,84 шақырым жол учаскесін жөндеу жос­парланған. Жұмыс­тарды мердігер мекеме – «Р и А Сервис ЛТД» ЖШС атқаруда.

– Жол сапасы – тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысын қамтамасыз ететін маңызды инфрақұрылымдық бағыттардың бірі. Осыған байланысты жөндеу жұмыстары белгіленген талаптарға сәйкес сапалы жүр­гізіліп, нысан уақытылы аяқталуы қажет, – деді аудан әкімі.

Бүгінде ауданның елді мекендеріндегі бірқатар көшелерде жөндеу жұмыстары қолға алынып, жолдардың сапасын жақ­сартуға басымдық берілуде. Жол жабындысын жаңарту, жүргіншілер мен көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасауға ба­ғыт­талған жұмыстар кезең-кезеңімен жүзе­ге асырылып келеді. Бұл жұмыстар елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғыртып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, биыл жол саласына 740,2 млн теңге қаржы бөлініп, барлығы 4 жоба бойынша ұзындығы 15,1 шақырым автомобиль жолдары жөндеуден өткізілуде. Оның ішінде, Тереңөзек кенті мен Шаған, Нағи Ілиясов елді мекендерінде барлығы 13 кө­ше күрделі жөндеуден өткізілуде және Шаған ауылындағы 8 көшеге қиыршық тас төселуде. Осы жұмыстардың нәтижесінде, аудандық маңыздағы жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үле­сі 99 пайызға, елді мекендердегі ішкі жол­дардың үлесі 87 пайызға жетті. Сондай-ақ биыл облыстық маңызы бар «Қызылорда-Жалағаш» автомобиль жолының Тереңөзек кенті тұсындағы көпірді күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 669,5 млн теңге бөлі­ніп, жұмыстар жүргізілуде. Көпір жуық арада пайдалануға берілетін болады.

Жол – елді мекеннің тіршілігін байланыс­тыратын күретамыр. Сондықтан оның сапасы мен қауіпсіздігіне көңіл бөлу – ауданның тұрақты дамуының маңызды кепілі. Бұл орайда аудан басшысы жол жөндеу жұмыс­тарының сапалы жүргізілуіне баса мән беріп, мердігер мекеме мен жауапты сала мамандарына құрылыс талаптарының сақталуын және жұмыстардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
11 тамыз 2026 ж. 71 0