Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарихи жеңіс: Team KZ фиджитал-спорттан алтын алды

Тарихи жеңіс: Team KZ фиджитал-спорттан алтын алды

Қазақстанның Team KZ командасы Астанада өтіп жатқан «Болашақ ойындары-2026» турнирінде Phygital Shooter CS 2 дисциплинасы бойынша чемпион атанды. Финалда отандық ұжым Liga Pro Team-ді 2:1 есебімен жеңіп, тарихи алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Чемпион атанған командаға 50 мың АҚШ доллары көлемінде жүлде табысталды. Ал осы дисциплинадағы жалпы жүлде қоры 150 мың долларды құрады.

Турнир қорытындысы:
1 орын Team KZ
2 орын Liga Pro Team
3 орын Minsk House
Қазақстандық команданың бұл жеңісі елдің киберспорт және фиджитал-спорт тарихындағы маңызды жетістіктердің бірі саналады.
Айта кетейік, «Болашақ ойындары-2026» Астанада 29 шілдеде басталды. Турнирдің ашылу салтанатында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі.
09 тамыз 2026 ж. 753 0