Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық электр тарату торабының басшысы таныстырылды

Аудандық электр тарату торабының басшысы таныстырылды

Аудан әкімінің орынбасары Роллан Еспенбетовтың төрағалығымен актив отырысы өтті. Актив жиынында аудан әкімінің орынбасары кадрлық өзгерістерді таныстырды. «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының бұйрығымен Бақтыбаев Сейтасқар Тобжанұлы Тереңөзек аудандық электр торабының бастығы лауазымына тағайындалды.

Сейтасқар Тобжанұлы 1971 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Жоғары білімді инженер-электрик. Еңбек жолын 1989 жылы «Агропромэнерго» кәсіпорнында электрмонтер болып бастап, Байқоңыр қаласындағы «Байқоңырэнерго», «Южная» жылжымалы электр станциясында, «Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамында және «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» акционерлік қоғамында түрлі жауапты қызметтер атқарған.

Аудан әкімінің орынбасары жаңа басшының қызметіне сәттілік тілеп, аудан аумағындағы электр желілері мен қосалқы станциялардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуді, тұрғындар мен әлеуметтік маңызы бар нысандарды үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етуді, тозығы жеткен электр желілері мен жабдықтарды кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруды, ұжымдағы еңбек тәртібін нығайтып, қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

05 тамыз 2026 ж. 87 0