№11 Аудандық олимпиадалық резервтің балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің директоры таныстырылды
Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен актив отырысы өтті. Актив жиынында аудан басшысы кадрлық өзгерістерді таныстырды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының бұйрығымен №11 аудандық олимпиадалық резервтің балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры лауазымына Мүбараков Диас Ғаниұлы тағайындалды. Диас Ғаниұлы 2000 жылы Сырдария ауданында дүниеге келген. 2021 жылы «Болашақ» университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша және 2025 жылы «Ақмешіт» университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығын бойынша жоғары білім алған.
Еңбек жолын 2023 жылы Сырдария ауданы әкімдігінде әдіскер болып бастаған. Әр жылдары аудандық олимпиадалық резервтік мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрес жаттықтырушысы және Нағи Ілиясов ауылдық спорт кешенінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Аудан басшысы жаңадан тағайындалған директорды құттықтап, жауапты қызметіне сәттілік тіледі. Сондай-ақ, жас спортшылардың кәсіби шеберлігін арттыру, бұқаралық спортты дамыту және спорт мектебінің жұмысын жаңа деңгейге көтеру бағытында нәтижелі еңбек ететініне сенім білдірді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі










