Сұлулық үшін ұйқының 7 ережесі
Әрбір әйел таңертең ұйқыдан тұрғанда жып-жинақы, жас әрі сұлу болып көрінгісі келетіндігі сөзсіз. Бұл дұрыс та. Өйткені, ұйықтаған кезде ағза демалып, қалпына келеді. Таңертең жеңіл тұрып, жас көрінгіңіз келсе, қарапайым ғана мына ережелерді ұстаныңыз.
Күнделікті түнгі ұйқы 8 сағаттан кем болмауы тиіс.
Ауыр күннен кейін ағза қайтадан күш жинауы үшін бұл барынша оңтайлы уақыт саналады. Мамандар ұйқысыздыққа шалдыққан адамдардың басқаларға қарағанда біршама тез қартаятындығын анықтаған. Ұйқы бірнеше кезеңге бөлінетіндігін барлығына да белгілі. Терең ұйқы шамамен түнгі сағат 2-де өтетіндігі, ал ең дұрысы таңертең сағат 8-де ояну керектігі белгіленген. Қарапайым есептеулер арқылы ол үшін түнгі сағат 12-ге дейін ұйықтау қажеттігін анықтау аса қиындық тудырмайды. Мұндай режімді сақтамаған адамдар ұйқы қанбаудан зардап шегумен қатар, денсаулығында да проблема болады. Осы ережені қаперге алып, күн сайын бір уақытта ұйықтап, бір уақытта тұруға дағдыланыңыз.
Екінші ереже дұрыс тамақтануға қатысты
Мамандар ұйықтар алдында бірнеше сағат бұрын тамақтануға кеңес бермейтіндігін барлығымыз да білеміз. Бірақ, барлығы бірдей бұл ережені сақтай бермейді. Кейбіреулердің тіпті мүлдем мүмкіншілігі жоқ. Себебі жұмыс күні кеш аяқталады және аш жатпайтыныңыз түсінікті. Ал кейбіреулер түнде тамақтанбай тұра алмайды. Егер сіз «шекеу қойылған уақыттан» кейін тоңазытқышты ашатын болсаңыз, онда ағзаңызды ауыр әрі майлы тамақпен толтырмауға тырысыңыз.
Ұйқыға арналған төсек
Төсек – бұл сізді ұйқы патшалығына апаратын орын. Сондықтан да тапа-тал түсте киіммен жата кетпеңіз немесе онда достарыңызбен отырмаңыз. Бұл сіздің жеке кеңістігіңіз. Төсекте отырып құжаттармен жұмыс істемеңіз. Оның төңірегінде сіздің тез ұйықтап кетуіңізге мүмкіндік беретін арнайы ахуал орнағаны дұрыс.
Ыңғайлылық пен жайлылық
Сіздің төсегіңіз, матрасыңыз, жастығыңыз және төсек жабындыларыңыз жайлы ұйықтауға мүмкіндік беретіндей барынша ыңғайлы болуы қажет. Айтпақшы, үлкен жастықты жақсы көретіндер оның сұлулыққа, тіпті көңіл-күйге де зия тигізетіндігін білгені жөн. Жастықты көлемі мен қаттылығына байланысты орташасын таңдаған дұрыс. Төсек жабындысы түнде денеңіз буланбай дем алуы үшін табиғи материалдан болуы керек. Жатын бөлмеңіздің температурасы қоңыр салқын, ал ауасы таза болуы тиіс – бұл сіздің қатты және сау ұйқыңыздың кепілі.
Түнде шашты қатты өріп жатпаңыз
Кез келген резеңке, түйреуіш шашыңызға қатты залал келтіруі мүмкін. Көпшілігі бұйра шашты жақсы көреді және сол үшін түні бойы шашты бұйралайтын жадбықпен ұйықтауға дайын. Ал бұлай мүлдем жасауға болмайды.
Ұйықтар алдында 2 сағат бұрын ағзаға жүк түсіретін әрекет жасамау керек.
Егер бұлай жасамасаңыз, ағзаның ұйқы режіміне өтуі ұзаққа созылып, сізге ұйықтап кету қиынға соғады. Жаттығулармен ең бұрысы таза ауамен дем ала жүріп көшеде айналысу қажет.
Ұйқыға өзіңді дұрыс баптау қажет
Босаңсыңыз, теледидар мен компьютерді өшіріп, телефонды алысырақ қойыңыз, бөлмені жайлы температураға келтіріп, себезгі қабылдаңыз.
Күнделікті толыққанды ұйқы сізге ұзақ уақыт бойы жас әрі сұлу болып қалуыңызға көмектесетіндігін есте сақтаңыз. Сонымен қатар ол сізге күндізгі барлық қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Мамандардың пайымынша, осы ережелердің барлығын сақтайтындар оны ұстанбайтындарға қарағанда біршама жас көрінеді. Дегенмен, ұзақ ұйықтауға да болмайтындығын есте ұстаған жөн. Ең дұрысы, дәл ортасын іздеңіз.
Дереккөзі:zhenskoeschastie.com
Пікір 2