Лицензиялау талаптары мен енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Қызылорда облысының сапаны қамтамасыз ету департаментінің лицензиялау бөлімінің бас маманы Ақылбек Досжанов пен аудандық білім бөлімі басшысы Еркебұлан Жақыптың қатысуымен барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларына лицензиялау талаптары мен енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Кездесу барысында нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген толықтырулар, E-license жүйесіндегі жаңартулар және кезең-кезеңімен лицензиялау тәртібі жан-жақты түсіндірілді.
Түсіндірме жұмыстарының мақсаты – білім беру ұйымдарының заң талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету және сапалы білім беру қызметін дамыту болып табылады.











