Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Айшықты қала символы

Айшықты қала символы


Сарыарқа төсінде осыдан 20 жыл бұрын еліміздің тәуелсіздігінің нышаны саналатын Елдордамыз бой көтерді. Осыған дейінгі уақытта жарқын жетістіктер бас­тауы болған бас шаһарымыз қазір көпшілік қызығатын ірі мегаполиске айналды. Исі қазақ мақтана айтатын Астана заман көшіне ілесіп келеді. Осы орайда Қалжан ахун ауылында Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Асқақта алып – Астана» тақырыбында мекерекелік кеш өткізілді.
Шара шымылдығын «Назкерім» бишілер тобы «Қазақ» биімен ашты. Бұдан кейін аудандық «Нұр Отан» партия­сы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып, ауыл әкімі Н.Қарсақбаев, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Ерташов сөз алып, көпшілікті мерекемен құттықтады. Өз кезегінде сала мамандары мен ардагерлерге, еңбек озаттарына «Нұр Отан» партиясы және ауыл әкімінің «Алғыс хаты» тапсырылды. Сонымен қатар ауыл әкіміне салтанатты түрде партия билеті табысталды. Ауыл өнерпаздары патриоттық әннен шашу шашып, түрлі жанрдағы би қойылымын ұсынды. Жас ақын І.Дүйсенғалиева туған жерге арналған өлең шумақтарын оқыды. Сондай-ақ, кеш мерекелік от шашумен аяқталды.

Б.ҚАРАМАНТЕГІ
12 шілде 2018 ж. 1 062 0