Қазақстанда жерді тегін қалай алуға болады: басты шарттар мен қиындықтар
Бұл норма Қазақстан Республикасының Жер кодексі 50-бабында бекітілген, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.Бірақ іс жүзінде жер алу ұзақ уақыт пен сабырды талап етеді.
Елімізде жер учаскелері үш мақсатта беріледі:
– жеке тұрғын үй құрылысына (10 сотық);– жеке қосалқы шаруашылыққа (15-25 сотық);– бағбандық немесе саяжай үшін (12 сотық).
Ең тиімдісі – жеке тұрғын үй құрылысына берілетін жер. Мұнда үй салып, тіркелуге, сатуға немесе ипотека рәсімдеуге болады. Ал саяжай жерлері тұрақты тұруға толық қолайлы емес.
Өтініш беру процесі толықтай онлайн жүзеге асады. Ол үшін eGov порталы арқылы кезекке тұру қажет. Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болса жеткілікті.
Алайда басты мәселе – ұзақ кезек. Қазір жеке тұрғын үй құрылысына 4 миллионнан астам адам тіркелген. Күту мерзімі көбіне 5–10 жыл, кейде одан да ұзақ. Әсіресе Астана мен Алматыда бос жер жоқтың қасы.
Себебі заң бойынша жер тек инфрақұрылым (жол, су, жарық) толық тартылғаннан кейін ғана беріледі. Ал мұндай жұмыстар мемлекет есебінен баяу жүргізіледі.
Маңызды жайт – делдалдар арқылы жерді тездетіп алу мүмкін емес. Кезек жүйесі автоматтандырылған және барлығына бірдей.
Жер алғаннан кейін оны игеру міндетті. Әдетте 3 жыл ішінде үй салып немесе жерді пайдалану қажет. Әйтпесе, мемлекет учаскені кері қайтарып алуы мүмкін.










