Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Педагогтер біліктілік тестін тапсырмайды

Педагогтер біліктілік тестін тапсырмайды

Өткен аптаның соңында көпшілік арасында қызу талқыға түскен жаңалықтың бірі педагогтердің пәндік біліктілігіне арналған тестке қатысты өзгеріс болды.Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова арнайы мәлімдеме жасап, педагогтердің біліктілік тестін тапсыруы уақытша емес, толықтай тоқтатылғанын жеткізді. Тәжірибелі ұстаздар қауымы аталған тестті тапсыруға міндетті саналмайды.

Расында, еліміздегі мектептерде бі­лік­тілік тестінен өту барысында үлкен дүр­белең болатын. Оқушыларға білім беретін ұстаздардың біліктілік деңгейін анықтау мақсатында олар портфолио дайындап қана қоймай, тест те тапсыратын. Мо­дератор, сарапшы, зерттеуші секілді бі­лік­тілік деңгейін анықтау тестінен өте алмай, бірнеше мәрте тапсырған жан­дарды естіп те, көріп те жүрміз. Жаңа министрдің айтуынша, белгілі бір уақыт аралығында 51 мың педагог шекті балл жинап, портфолиосын толықтырып, аттес­тацияның барлық кезеңінен сүрінбей өткен. Оларға алдағы қыркүйек айынан бас­тап арнайы үстемақы төленетін бо­лады.

Әрине, бұл жаңалық ауданның 17 білім ошағындағы мұғалімдерді қуантқаны жасырын емес. Тест тапсыру тек мектепке жаңадан жұмысқа қабылданатын және еңбек өтілі екі жыл болған жас ұстаздар үшін сақталады. Жоғары оқу орнын тәмамдап, маман атанған жас ұстаздардың білім деңгейін саралау орынды. Бір жағынан, шәкірт алдына шығып, ұстаздық қызметке қадам басқан жастар үшін бұл жауапкершілікті айқын сезіндіреді.

Бүгінде қағазбастылық мәселесін білім ұя­ларында жою бағытында бірқатар жоба министрлік тарапынан қолға алынуда. Айта кетерлігі, алдағы уақытта педагогтердің портфолиосы электронды форматта жүргізіледі. Енді мұғалімдер қағаз түрінде құжат дайындап, сан түрлі қол жинап, әуре-сарсаңға түспейді. Барлық құжат пен материал электронды платформада сақталады. Аталған мәселе бойынша нақты ақпаратты министрлік жақын күндері ұсынатын болады. Авторлық бағ­дарламаларға да өзгерістер енгізілуде. Яғни авторлық бағдарламаны жазу және ұсыну талабы да алынып тасталған.

– Білім ошағын басқару ісінде оқушының білімі мен тәрбиесіне қоса, мұғалімдердің біліктілігіне аса көңіл бөлеміз. Қашанда білімі терең, тәжірибесі толысқан ұстаздар қауымы өзінің біліктілігін дәлелдеп келеді. Өз басым жақында Асқар Тоқмағанбетов ауылындағы орта мектепке басшылық қызметке келдім. Педагогикалық құраммен алғаш танысқан сәттен-ақ халық баласына білім беретін әріптестерімнің кәсіби білік­тілігіне аса мән бердім. Заман ағымы бір орнында тұрмайды. Білім саласына енгі­зілген жаңалық көп. Біз бір толқында болып, заман көшіне ілесе білуіміз керек, – деді Зәуре Білісбаева.

Балтабай ОРДАБЕКОВ

14 сәуір 2026 ж. 548 0