Өтіп жатқан референдум барысында автоволонтерлар қызмет көрсетуде
Қалжан ахун ауылында өтіп жатқан референдум барысында автоволонтерлар белсенді жұмыс жасауда. Дауыс беру учаскесіне ауыл тұрғындарын тасымалдап, азаматтардың дауыс беруіне қолдау көрсетіп жатыр.Автоволонтердың көмегімен ауыл тұрғындары референдумға еш кедергісіз қатысып, өз таңдауын жасау мүмкіндігіне ие болуда. Бұл – ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың бірлігінің айқын көрінісі.










