Шиелі ауданында жаңа Конституция жобасын түсіндіруге қатысты кездесулер өтті
Қызылорда облысында ақпараттық-түсіндіру шаралары аясында Жалпыұлттық коалиция өкілдері Шиелі ауданына сапармен барды. Сапар барысында олар жұмыс ұжымдарымен, ауыл тұрғындарымен және аудан белсенділерімен бірқатар кездесулер өткізді. Кездесулерде жаңа Конституция жобасында ұсынылған өзгерістер туралы ақпарат берілді.Іс-шаралар ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойды. Шиелі ауданына келген топ құрамында Жалпыұлттық коалиция өкілдері Қайрат Ерназаров, Баймырза Қожамберлиев және Садық Мұстафа болды.
Сапар бағдарламасына сәйкес, алдымен «Руханият» орталығында аудандық әйелдер кеңесінің мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды. Жиында Конституция жобасындағы отбасы институтына қатысты нормалар мен әлеуметті
к кепілдіктер тақырыбы талқыланды.
к кепілдіктер тақырыбы талқыланды.
Кейін жұмыс тобы «ТТК-Шиелі» ЖШС қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында өндіріс саласына қатысты мәселелер мен Конституциялық өзгерістердің еңбек құқықтарына ықтимал әсері жөнінде пікір алмасу өтті.
Сондай-ақ, коалиция мүшелері Ақмая ауылында аграрлық сала өкілдерімен кездесу өткізді. Онда ауыл тұрғындары үшін маңызды саналатын жер ресурстарын пайдалану және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері қозғалды. Кездесу барысында қатысушылар осы бағыттағы өзгерістер туралы ой-пікірлерімен бөлісті.
Сапар соңында Б. Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесу өтті. Жиын алдында қонақтар ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесін тамашалады. Кездесу барысында Конституциялық өзгерістердің мазмұны мен олардың мемлекеттік басқару жүйесіне ықтимал әсері жөнінде ақпарат берілді.
Іс-шаралар барысында тұрғындар мен жұмыс тобы мүшелері түрлі тақырыптар бойынша пікір алмасып, сұрақ-жауап форматында әңгіме өрбітті.









