Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейтаныс қызға бүйрегін берген жігіттің тойын өткізген мейрамхана басшысы жеңілдік жасаған

Бейтаныс қызға бүйрегін берген жігіттің тойын өткізген мейрамхана басшысы жеңілдік жасаған


Науқас қызға бір бүйрегін сыйлаған Абзал тойының жеңілдікпен өткенін айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

Абзал Әділов. Қайырымды жігіттің тойын жжүргізген асаба, видеоинженер, фотограф, той кортежін ұйымдастырушылардың тегін қызмет көрсеткенін айтты. Той Орал қаласында өтті. Жас жұбайлар демалыс күндері шаңырақ көтерді.
«Тойымыз жақсы өтті, шүкір. Асаба, видео және фототүсірілім, кортеж бәрі тегін болды. Мейрамхана басшылығы да жеңілдік жасады», – деді Абзал. Тойға арнайы шақырылған Жәмила мен анасы денсаулығының күтіміне байланысты келе алмады.
Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылдың қазан айында Абзал Әділов шымкенттік Жәмила Байсеріковаға өзінің бір бүйрегін берген еді. Қызға шұғыл түрде бүйрек алмастыру отасы жасалуы керек болғандықтан, Абзал өз еркімен донор болыпты. Алайда оның жұмысқа орналасуға қатысты қиындықтары пайда болған. Себебі, жігітке бір жылдай уақыта 5 келіден ауыр зат көтеруге тыйым салыныпты. Ол өз мамандығы бойынша жұмыс істей алмаған, сондай-ақ, күзетші мамандығы бойынша да жұмыс табылмапты. Абзалдың сөзінше, ол туралы басылым беттерінде жазыла бастағаннан кейін, қала  әкімдігі оны шақырып, күзетші болып жұмыс істеуді ұсынған.
09 шілде 2018 ж. 1 678 2

Гость JeaOrer от 25 ақпан 2019 22:06
Kamagra Jelly Malaria viagra prescription Bilan Clomid

Гость JeaOrer от 14 наурыз 2019 21:33
Cialis Online Italia Propecia Provoca Esterilidad viagra Kamagra Green Efectos Secundarios Orlistat Weight Loss 1mg Finasteride Side Effects Propecia