Қазақстанда жаңа Конституцияның жобасы жарияланды
Бүгін «Egemen Qazaqstan» газетінде Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы жарияланды. Төменде толық мәтіні ұсынылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.- Төрағасы Құрылтай сессиясын ашады.
- Құрылтай Төрағасы өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкім шығарады.
- Құрылтай сессиясы отырыс түрінде өткізіледі.
- Құрылтайдың бірінші сессиясын Қазақстан Республикасының Президенті сайлау қорытындысы жарияланған күннен бастап отыз күннен кешіктірмей шақырады.
- Құрылтайдың кезекті сессиясы жылына бір рет, қыркүйектің бірінші жұмыс күні мен маусымның соңғы жұмыс күні аралығында өткізіледі.
- Сессия Құрылтай отырысында ашылады және жабылады. Құрылтай сессиясын, әдетте, Қазақстан Республикасының Президенті ашады. Құрылтай сессиялары арасындағы кезеңде Қазақстан Республикасының Президенті өз бастамасымен, Құрылтай Төрағасының немесе Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің ұсынысымен Құрылтайдың кезектен тыс сессиясын шақыра алады. Онда сессияны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралуы мүмкін.
- Құрылтай отырысы Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі.
- Құрылтай отырысы ашық түрде өтеді. Регламентте көзделген жағдайда отырыс жабық түрде өткізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Президентінің, Вице-Президенттің, Премьер-Министрдің және Үкімет мүшелерінің, Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының, Ұлттық Банк Төрағасының, Бас Прокурордың, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кез келген отырысқа қатысуға және сөз сөйлеуге құқығы бар.
59-бап
- Құрылтай конституциялық заңда саны айқындалатын тұрақты комитеттер, сондай-ақ комиссиялар құрады.
- Комитеттер мен комиссиялар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулы шығарады.
60-бап
- Заң шығаруға бастама жасау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне, Құрылтай депутаттарына, Үкіметке, Қазақстан Халық Кеңесіне тиесілі және тек қана Құрылтайда іске асырылады.
- Қазақстан Республикасының Президенті заң жобаларын қараудың басымдығын айқындауға құқылы, бұл тиісті заң жобалары бірінші кезекте екі ай ішінде қабылдануға тиіс дегенді бiлдiредi.
- Құрылтай:
2) меншік режиміне және өзге де заттық құқықтарға;
3) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне;
4) салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге немесе олардың күшін жоюға;
5) республикалық бюджет, мемлекеттік қарыз, Қазақстан Республикасының экономикалық және өзге де көмек көрсету мәселелеріне;
6) сот құрылысы мен сот ісін жүргізу мәселелеріне;
7) рақымшылық жасау мәселелеріне;
8) білімге, ғылымға, мәдениетке, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға;
9) кәсіпорындарды және олардың мүлкін жекешелендіруге;
10) қоршаған ортаны қорғауға;
11) Қазақстан Республикаcының әкімшілік-аумақтық құрылысына;
12) мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне;
14) халықаралық шарттарды ратификациялауға және денонсациялауға;
15) мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтарға;
16) Конституцияға сәйкес өзге де мәселелерге қатысты аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, негіз құраушы қағидаттар мен нормаларды белгілейтін заң шығаруға құқылы.
- Халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіптің сақталуына, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі заң шығару бастамасымен енгізген заң жобаларын Құрылтай дереу қарауға тиіс.
- Құрылтай қабылдаған заң он күн ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға ұсынылады.
- Мемлекеттік кірісті қысқартуды немесе мемлекеттік шығысты ұлғайтуды көздейтін заң жобалары Үкіметтің оң қорытындысы болған кезде ғана енгізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасымен Құрылтайға енгізілетін заң жобалары үшін мұндай қорытынды талап етілмейді.
- Үкімет енгізген заң жобасы қабылданбаса, Премьер-Министр Құрылтай отырысында Үкіметке сенім білдіру мәселесін қоюға құқылы. Бұл мәселе сенім білдіру мәселесі қойылғаннан бастап қырық сегіз сағаттан кейін ғана дауысқа салынады. Егер сенімсіздік вотумы туралы ұсыныс Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысын алмаса, заң жобасы дауысқа салынбай қабылданды деп саналады. Алайда Үкімет бұл құқықты жылына екі реттен артық пайдалана алмайды.
61-бап
- Құрылтай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар заң және қаулы қабылдайды.
- Заң Қазақстан Республикасының Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді.
- Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген мәселелер бойынша Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің дауысымен қабылданады.
- Конституцияда өзгеше көзделмесе, Құрылтай депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен заңды қабылдайды.
- Заңдар, Құрылтай қаулылары Конституцияға қайшы келмеуге тиіс. Құрылтай қаулылары заңдарға қайшы келмеуге тиіс.
- Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, қолданысқа енгізу және жариялау тәртібі заңмен және Құрылтай регламентімен реттеледі.
62-бап
- Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтай Төрағасымен және Премьер-Министрмен консультациядан кейін Құрылтайды таратуға құқылы.
- Құрылтай келісімімен тағайындалатын лауазымға Президент ұсынған кандидатураны тағайындауға келісім беруден қайта бас тартылған, сондай-ақ Құрылтай Төрағасын сайлаудан қайта бас тартылған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайды таратуға құқылы.
- Құрылтайды төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезінде, Президент өкілеттігінің соңғы алты айында,
сондай-ақ алдыңғы таратудан кейінгі бір жыл ішінде немесе Конституцияның 51-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайда таратуға болмайды.
V бөлім
Үкімет
63-бап
- Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық етеді.
- Үкімет – алқалы орган, ол өз қызметінде Қазақстан Республикасының Президенті мен Құрылтай алдында жауапты.
- Үкімет мүшелері Конституцияның 56-бабының
17) тармақшасында көзделген жағдайда Құрылтайға есеп береді. - Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылу және қызмет тәртібі конституциялық заңда айқындалады.
- Үкіметті Қазақстан Республикасының Президенті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады.
- Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасының Президентіне Премьер-Министр тағайындалғаннан кейін он күн ішінде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсыныс енгізеді.
- Үкімет мүшелері Қазақстан Республикасының халқы мен Президентіне ант береді.
65-бап
Үкімет:
1) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету ісінің негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2) Құрылтайға республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;
3) Құрылтайға заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;
4) мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;
5) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүргізу шараларын әзірлейді;
6) министрліктердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық етеді;
7) Қазақстан Республикасының министрліктері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің толық немесе бір бөлігінде күшін жояды не қолданысын тоқтата тұрады;
8) мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық орган үшін қаржыландырудың және қызметкерлерге еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін Қазақстан Республикасы Президентiнің келісімімен бекітеді;
9) өзіне Конституциямен, заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентiнің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
66-бап
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі:
1) Үкімет қызметін ұйымдастырады және басқарады, оның жұмысы үшін дербес жауап береді;
2) Үкімет қаулысына қол қояды;
3) Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде және оның барлық аса маңызды шешімдері туралы Президент пен Құрылтайға баяндайды;
4) Үкімет қызметін ұйымдастыруға және басқаруға байланысты басқа да функцияларды орындайды.
67-бап
- Үкімет мүшелері өз құзыреті шегінде дербес шешім қабылдайды және өзіне бағынысты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін Премьер-Министр алдында дербес жауап береді. Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтін немесе оны іске асырмайтын Үкімет мүшесі орнынан түсуге өтініш береді не лауазымынан босатылуға тиіс.
- Үкімет мүшелерінің өкілді органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін лауазымды атқаруға, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің лауазымдық міндеті болатын жағдайларды қоспағанда, коммерциялық ұйымның басқарушы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ.
68-бап
- Үкімет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулы шығарады.
- Премьер-Министр Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар өкім шығарады.
- Үкімет қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдері Конституцияға, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне қайшы келмеуге тиіс.
69-бап
- Үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін доғарады.
- Үкімет және оның кез келген мүшесі өздеріне жүктелген функцияларды одан әрі орындау мүмкін емес деп есептесе, Қазақстан Республикасының Президентіне орнынан түсу туралы мәлімдеме беруге құқылы.
- Құрылтай Үкіметке сенімсіздік вотумын білдірген жағдайда Үкімет Қазақстан Республикасының Президентіне орнынан түсу туралы мәлімдейді.
- Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені Қазақстан Республикасының Президенті он күн ішінде қарайды.
- Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің не оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді.
Премьер-Министрдің орнынан түсуін қабылдау бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. - Үкіметтің немесе оның мүшесінің орнынан түсуі қабылданбаған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті оған міндеттерін одан әрі атқаруды тапсырады.
- Қазақстан Республикасының Президенті өз бастамасымен Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін лауазымынан босатуға құқылы. Премьер-Министрді лауазымынан босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді.
VI бөлім
Қазақстан Халық Кеңесі
70-бап
- Қазақстан Халық Кеңесі – Қазақстан Республикасы халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган.
- Қазақстан Халық Кеңесі Қазақстан Республикасының азаматтарынан құралады.
- Қазақстан Халық Кеңесін құру, оның құрамын қалыптастыру тәртібі, өкілеттігі және қызметінің ұйымдастырылуы конституциялық заңда айқындалады.
71-бап
Қазақстан Халық Кеңесі:
1) мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары, қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту, Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді;
2) Құрылтайға заң жобаларын енгізеді;
3) жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтереді;
4) конституциялық заңға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
VII бөлім
Конституциялық Сот
72-бап
- Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты –
конституциялық бақылауды жүзеге асыратын және бүкіл ел аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз мемлекеттік орган. - Конституциялық Сот Төраға мен он судьядан тұрады. Олардың өкілеттік мерзімі – сегіз жыл.
- Конституциялық Сот Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және ол өкілеттік мерзімі ішінде Конституциялық Сот судьясы да болады.
- Конституциялық Сот судьяларын депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Құрылтай келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.
- Конституциялық Сот судьясының депутат мандатын қатар алып жүруіне, оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін лауазымды атқаруына, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ коммерциялық ұйымның басқарушы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруіне болмайды.
- Конституциялық Сот Төрағасы мен судьяларын қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оларды өз өкілеттігі мерзімі ішінде тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің не Құрылтайдың келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
- Конституциялық Соттың ұйымдастырылуы және қызметі конституциялық заңмен реттеледі.
73-бап
- Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы Президентінің, Құрылтай Төрағасының, Құрылтай депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің,
Премьер-Министрдің өтініші бойынша:
2) Президент қол қойғанға дейін Құрылтай қабылдаған заңдардың Конституцияға сәйкестігін қарайды;
3) Құрылтай қабылдаған қаулылардың Конституцияға сәйкестігін қарайды;
4) халықаралық шарттарды ратификациялағанға дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды;
5) халықаралық ұйымдар мен олардың органдары шешімдерінің орындалуының Конституцияға сәйкестігін қарайды;
6) Конституция нормаларына ресми түсіндірме береді;
7) Конституцияның 50-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларда қорытынды береді.
- Конституциялық Сот Конституцияның 46-бабының 11) тармақшасында көзделген жағдайда – Президенттің өтiнiшiн, сондай-ақ Конституцияның 79-бабында белгiленген жағдайда соттың өтiнiшiн қарайды.
- Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституцияда көзделген құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Конституцияға сәйкестігін олардың өтініштері бойынша қарайды.
- Конституциялық Сот осы баптың 1-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәселелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Конституцияға сәйкестігін Бас Прокурордың өтініші бойынша қарайды.
- Конституциялық Сот адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Конституцияға сәйкестігін Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтініші бойынша қарайды.
- Конституциялық Сот Конституцияның 50-бабының 1-тармағында және 51-бабының 1-тармағында белгіленген жағдайларда қорытынды береді.
74-бап
- Конституцияның 73-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша Конституциялық Сотқа өтініш берілген жағдайда тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісуі, Құрылтайдың сайланған депутаттарын тіркеу, жалпыхалықтық референдум қорытындысын шығару тоқтатыла тұрады.
- Конституцияның 73-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша Конституциялық Сотқа өтініш берілген жағдайда тиісті актілерге қол қою не оларды ратификациялау мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады.
- Конституциялық Сот өз шешімін конституциялық заңда белгіленген мерзімде шығарады.
75-бап
- Конституцияға сәйкес келмейді деп танылған заңдар мен халықаралық шарттарға қол қойылмайды не ратификацияланбайды және олар қолданысқа енгізілмейді.
- Конституцияға сәйкес келмейді деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер, олардың жекелеген ережелері Конституциялық Сот шешім қабылдаған күннен немесе ол белгілеген күннен бастап қолданысын тоқтатады және қолданылмауға тиіс.
- Конституциялық Сот орындалуы Конституцияға сәйкес келмейді деп таныған халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешімдері, оның ішінде жекелеген ережелері орындалмауға тиіс.
- Конституциялық Сот шешімдері қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болады және оларға шағым жасалмайды.
VIII бөлім
Сот төрелiгi. Прокуратура.
Құқық қорғау тетіктері
76-бап
- Қазақстан Республикасында сот төрелігін сот қана жүзеге асырады.
- Сот билігі сот ісін жүргізудің заңда белгіленген азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен өтеді.
- Қазақстан Республикасының соттары – Жоғарғы Сот, заңмен құрылған жергілікті және басқа да соттар.
- Қазақстан Республикасының сот жүйесі Конституцияда және конституциялық заңда белгіленеді. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді.
77-бап
- Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады, ол адамның, азаматтың, ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, сондай-ақ Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын мақсат етеді.
- Сот билігі Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдануға байланысты туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады.
- Сот шешімінің, үкімі мен өзге де қаулысының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар.
78-бап
- Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз болады және Конституция мен заңға ғана бағынады.
- Сот төрелігін іске асырған кезде соттың қызметіне мүлдем араласуға болмайды және бұл заң бойынша жауаптылыққа алып келеді. Судьялар нақты істер бойынша есеп бермейді.
- Судья сот төрелігін іске асыру кезінде мына қағидаттарды басшылыққа алуға тиіс:
2) сотта әр адамның өз сөзін тыңдатуға құқығы бар;
3) айыпталушы өзінің кінәсіз екенін дәлелдеуге міндетті емес;
4) адамның кінәлі екеніне қатысты кез келген күмән айыпталушының пайдасына қарастырылады;
5) заңсыз жолмен алынған дәлелдемелердің заңды күші жоқ. Ешкімді өзінің жеке мойындауы негізінде ғана соттауға болмайды;
6) қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.
- Конституцияда белгіленген сот төрелігі қағидаттары Қазақстан Республикасының барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай.
79-бап
Соттардың адам мен азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқығы жоқ.
Егер сот қолданылуға тиіс заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, ол іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсынумен Конституциялық Сотқа жүгінуге міндетті.
80-бап
- Соттар тұрақты судьялардан тұрады, олардың тәуелсіздігі Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьяның өкілеттігі тек қана заңда белгіленген негіздермен тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін.
- Судьяны қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, тиісінше Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз не Құрылтайдың келісімінсіз оны ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
- Қазақстан Республикасы соттарының судьяларына қойылатын талаптар конституциялық заңда айқындалады.
- Судьяның депутат мандатын қатар алып жүруіне, оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін лауазымды атқаруына, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына, коммерциялық ұйымның басқарушы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруіне болмайды.
81-бап
Соттарды қаржыландыру, судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі және сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
82-бап
Жоғарғы Сот – жергілікті және басқа да соттардың қарауына жататын азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және өзге де істер бойынша жоғары сот органы, ол заңда көзделген жағдайда өзінің қарауына жататын сот істерін қарайды және сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндіру береді.
83-бап
- Жоғарғы Сот Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымымен тағайындайды және ол өз өкілеттігі мерзімі ішінде Жоғарғы Сот судьясы да болады. Жоғарғы Сот Төрағасының өкілеттік мерзімі – алты жыл.
Жоғарғы Сот судьяларын Құрылтай Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен сайлайды.
- Жергілікті және басқа да сот судьяларын Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымымен тағайындайды.
- Соттарда конституциялық заңға сәйкес сот алқалары құрылуы мүмкін.
- Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.
- Жоғары Сот Кеңесінің мəртебесі, құрамын қалыптастыру тəртібі жəне жұмысын ұйымдастыру заңда айқындалады.
84-бап
- Прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды заңда белгіленген шекте және нысанда жүзеге асырады, сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
- Қазақстан Республикасының прокуратурасы орталықтандырылған бірыңғай жүйені құрайды, төмен тұрған прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Бас Прокурорға бағынады. Ол өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Президентіне ғана есеп береді.
- Бас Прокурорды Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды. Бас Прокурордың өкілеттік мерзімі – алты жыл.
- Бас Прокурорды қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
- Прокуратураның құзыреті, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібі конституциялық заңда айқындалады.
85-бап
- Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уəкіл адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жəрдемдеседі, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ілгерілетуге ықпал етеді.
- Адам құқықтары жөніндегі уəкілді Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.
- Адам құқықтары жөніндегі уəкіл өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде тəуелсіз болады жəне мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға есеп бермейді.
- Адам құқықтары жөніндегі уəкілді қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
- Адам құқықтары жөніндегі уəкілдің құқықтық жағдайы мен қызметін ұйымдастыру конституциялық заңда айқындалады.
86-бап
- Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның мемлекет кепілдік берген сот арқылы қорғалу құқығын және заң көмегін алу құқығын іске асыруға жәрдемдеседі. Заң көмегін адвокаттар мен өзге тұлғалар заңға сәйкес көрсетеді.
- Адвокат қызметін жүзеге асыру тәртібі, адвокат құқықтары, міндеттері мен жауаптылығы заңда айқындалады.
IX бөлім
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
87-бап
Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы ахуалдың жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады.
88-бап
- Жергілікті өкілді органдар – мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік халқының ерік-мүддесін білдіреді және жалпымемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды айқындайды, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.
- Мәслихаттарды халық жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.
- Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бір ғана мәслихаттың депутаты бола алады.
- Мәслихаттардың қарауына:
2) өз қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу;
3) заңмен мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жергілікті атқарушы орган басшыларының есебін қарау;
4) мәслихаттың тұрақты комиссияларын және өзге де жұмыс органдарын құру, олардың қызметі туралы есепті тыңдау, мәслихат жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
5) заңға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
- Мәслихаттың өкілеттігін Қазақстан Республикасының Президенті Премьер-Министрмен және Құрылтай Төрағасымен консультациядан кейін мерзімінен бұрын тоқтатады, сондай-ақ оның өкілеттігі мәслихат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатылады.
- Мәслихаттардың құзыреті, ұйымдастырылу және қызмет тәртібі, депутаттардың құқықтық жағдайы заңда белгіленеді.
89-бап
- Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне кіреді, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын тиісті аумақты дамыту мүддесімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.
- Жергілікті атқарушы органдардың қарауына:
2) коммуналдық меншікті басқару;
3) жергілікті атқарушы орган басшыларын тағайындау және лауазымынан босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
4) жергілікті атқарушы органдарға заңмен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру жатады.
- Жергілікті атқарушы органды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі басқарады, ол Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің өкілі болып табылады.
- Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала əкімдерін Қазақстан Республикасының Президенті тиісінше астана мəслихаты, облыс аумағындағы мəслихаттар, республикалық маңызы бар қала мəслихаты депутаттарының келісімімен тағайындайды.
Өзге əкімшілік-аумақтық бірлік əкімдері заңда айқындалатын тəртіппен тағайындалады немесе сайланады, сондай-ақ
лауазымынан босатылады. Қазақстан Республикасының Президенті өз ұйғаруымен астана, облыс, республикалық маңызы бар қала əкімдерін лауазымынан босатуға құқылы.
- Мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасымен әкімге сенімсіздік вотумын білдіру мәселесі қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда мəслихат өз депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен əкімге сенімсіздік білдіруге жəне оны лауазымынан босату мәселесін тиісінше астана, облыс, республикалық маңызы бар қала əкімдеріне қатысты – Қазақстан Республикасы Президентінің алдына не өзге де əкімшілік-аумақтық бірлік əкімдеріне қатысты – жоғары тұрған əкімнің алдына қоюға құқылы. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімдерінің өкілеттігі жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті өз қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады.
- Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті, ұйымдастырылу және қызмет тәртібі заңда белгіленеді.
90-бап
- Мәслихаттар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша – шешім, ал әкімдер шешім мен өкім қабылдайды, бұлар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орындалуға міндетті.
- Жергілікті бюджет кірісін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығысын ұлғайтуды көздейтін мәслихат шешімінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған кезде ғана қарауға енгізілуі мүмкін.
- Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасына сәйкес келмейтін мәслихат шешімінің күші сот тәртібімен жойылуы мүмкін.
- Әкімдердің шешімдері мен өкімдерінің күшін тиісінше Қазақстан Республикасының Үкіметі не жоғары тұрған әкім жоя алады, олардың күші сот тәртібімен де жойылуы мүмкін.
91-бап
- Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады.
- Жергілікті өзін-өзі басқаруды халық тікелей жүзеге асырады, сондай-ақ ол мәслихаттар арқылы және тұрғын саны шағын аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтарда өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылады.
- Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру және оның қызметі заңмен реттеледі.
- Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне заңда белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі.
X бөлім
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу
92-бап
- Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының Президенті өз бастамасы бойынша, Құрылтайдың, Үкіметтің, Қазақстан Халық Кеңесінің бастамасы бойынша қабылдаған шешіммен өткізілетін жалпыхалықтық референдумда енгізіледі.
- Жалпыхалықтық референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жартысынан астамы дауыс беруге қатысса, жалпыхалықтық референдум өткізілді деп саналады.
- Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан Қазақстан Республикасы азаматтарының жартысынан астамы жалпыхалықтық референдумға шығарылған Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды жақтап дауыс берсе, олар қабылданды деп саналады.
93-бап
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулардың Конституцияның 2-бабы 7-тармағының және 43-бабы 5-тармағының талаптарына сәйкестігі туралы Конституциялық Сот қорытындысы болған жағдайда олар жалпыхалықтық референдумға шығарылады.
XI бөлім
Қорытынды және өтпелі ережелер
94-бап
- Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді, бұған дейін қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданысы сол мезгілден бастап тоқтатылады.
- Республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланады.
95-бап
- 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қалыптастырылған Қазақстан Республикасының Парламенті өз өкілеттігін 2026 жылғы
1 шілдеден бастап тоқтатады.
- Бірінші шақырылған Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылған күннен бастап екі ай ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайдың келісімімен
Вице-Президентті тағайындауға тиіс. - Конституциялық Сот Төрағасы мен судьялары бірінші шақырылған Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылған күннен бастап екі ай ішінде тағайындалуға тиіс.
- Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатаның төрағалары мен мүшелері бірінші шақырылған Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылған күннен бастап екі ай ішінде тағайындалуға тиіс.
- Жоғарғы Сот Төрағасы, Ұлттық Банк Төрағасы, Бас Прокурор, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Конституция күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде тағайындалуға тиіс.
- 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сайланған (тағайындалған) Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттың судьялары, мәслихат депутаттары, өзге де лауазымды адамдар өз өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген негіздер бойынша өкілеттігі тоқтатылғанға дейін сақтайды.
96-бап
- Конституция күшіне енген күні қолданыста болатын Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілері Конституцияға қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
- Үкімет, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерді Конституцияға сәйкес келтіру жөнінде қажетті шаралар қабылдайды.
- Конституция күшіне енген күні қолданыста болатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданған Конституциялық Кеңестің және Конституциялық Соттың нормативтік қаулылары Конституцияға қайшы келмейтін бөлігінде заңды күшін сақтайды.









