Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы
Цифрландыруды одан әрі дамыту және жасанды интеллектіні жаппай ендіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:- 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялансын.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 6 қаңтар
№ 1151










