Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

№ 99 газет

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Жаңа жылда 3 сырдариялық отбасында сәби дүниеге келді

Жаңа жылда 3 сырдариялық отбасында сәби дүниеге келді

Жаңа жыл күні сырдариялық 3 отбасының шаңырығында қуаныш орнады. Жылдың басталуына санаулы сағаттар қалған сәтте, яғни, 31 желтоқсан күні Асқар Тоқмағамбетов ауылының тұрғыны Аружан Боранқұл ер баланы дүниеге әкелді. Ал 2026 жылдың алғашқы күнінде Сәкен Сейфуллин ауылының тұрғыны Аманкүл Бисенова кесте тігердің анасы атанды. Сонымен бірге тереңөзектік Диана Сүйіндікова өзінің ұлын бауырына басты.

Мереке күндері «Перзентхана» бөлімшесінің мамандары 3 отбасының сәбилі болуына себепкер атанды. Қазіргі уақытта ана мен бала денсаулығы дәрігерлердің жіті бақылауында. Әрбір отбасында тек сәбидің үні шығып, жаңа жыл тек табыс әкелсін дегіміз келеді.

Сәбилі болған аналар ақ халатты абзал жандарға алғыс айтты.

02 қаңтар 2026 ж. 35 0