Шымкентте миллиардтаған қаржыны желге ұшырған 5 лауазымды тұлға жауапқа тартылды
Ревизиялық комиссия 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба аясында Шымкент қаласының жеке кәсіпкерлік саласына бөлінген қаржыға мемлекеттік аудитті аяқтады. Аудиттік тексеру нәтижесінде экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 28.7 млрд теңге сомасында жіберген қателіктерін анықтады. Оның 27.2 млрд теңгесі тиімсіз жұмсалған, деп хабарлайды Egemen.kz.ZTB news агенттігінің хабарлауынша бюджеттік инвестициялар тиісті құжаттарсыз әртүрлі жобаларға бөлініп кеткен. Заң бойынша қаржының дұрыс жұмсалғанын білу үшін жобаның техникалық-экономикалық немесе қаржылық-экономикалық негіздемесі талап етіледі. Ал бұл жағдайда миллиардтаған қаражат кәсіпкерлік бастамаларға деген желеумен ешқандай құжатсыз шүлен таратқандай әр жаққа жұмсала берген.
Аудит қорытындысы бойынша Ұлттық жобаның 27 млрд теңгесі дұрыс мақсатқа жұмсалмаған болып шықса, 1.46 млрд теңгесі экономикаға түк те пайда әкелмей босқа шашылған. Сондай-ақ 30.3 млн теңгенің бухгалтериялық есеп пен негізсіз төлемдегі заңсыздықтары анықталды. Аудиторлардың тексеруімен оның 23.9 млн теңгесі бюджетке қайтарылды.
Мемлекеттік стратегиялық жоспарды аяқсыз қалдырып, қаражатты оңды-солды шашқаны үшін 5 лауазымды тұлға әкімшілік-құқықбұзушылық жауапкершілікке тартылып, 5 бірдей айыппұл салынды.
Шымкент
Фото: Ашық дереккөзден










