Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

№6 газет

24 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Ата Заң – еліміздегі барлық заңдардың бастаушысы

Ата Заң – еліміздегі барлық заңдардың бастаушысы

Ел өміріндегі маңызы зор, басты оқиғаларының бірі - Ата Заңымыз - Конституциямыздың 30 жылдығы. Баршамыздың тағдырымыз тізілген бұл құжат тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі, тұрақтылық пен келісімнің, бейбітшілік пен жасампаздықтың айқын бейнесі іспеттес.

Тәуелсіз елдің еркінен туып, сынынан өткен, 9 бөлім, 99 баптан тұратын Ата Заңда елдің дамуы, бүгіні мен болашағы құқықтық жағынан реттеліп, айқындалған.

Конституция мызғымас мемлекеттігіміздің алтын қазығы, қазақстандықтардың тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің кепілі болып табылады. Ол қоғамда демократияны дамытуға және елде бейбітшілік пен келісімді нығайтуға серпін береді.

Еліміздің Ата Заңы «Ең бастысы − адам құқығы» деген қағиданы ұстанады.. Негізгі орынға демократиялық еркіндік пен азаматтардың жеке көзқарасын қойды. Олардың іскерлік бастамаларына мол мүмкіндік жасады.

Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру барысында Конституциямызға жүктелер міндет зор.
Ата Заңымыздың пәрменділігі  күшейіп, халыққа  қызмет ете бергей!
                                                                                                      
Нургул Болатқызы,
Сырдария аудандық соты әкімшісінің
іс жүргізу-инспекторы
Фото: Ашық дереккөзден
10 желтоқсан 2025 ж. 419 0