Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі тұрмыстық қатты қалдықтар полтгонының жұмысымен танысты

Аудан әкімі тұрмыстық қатты қалдықтар полтгонының жұмысымен танысты

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына барып, оның қазіргі жұмыс барысымен танысты.

Аудан басшысы облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен Тереңөзек кенті аумағынан тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны салынғанын атап, мұның қоршаған ортаны қорғау мен қалдықтарды тиімді басқаруға мүмкіндік беріп жатқанына тоқталды. Бұл нысанның экологиялық ахуалды жақсартуға септігі мол екенін атап көрсетті.

Бүгінде полигон толықтай техникалық құрылғылармен жабдықталып, мұнда қалдықтарды сұрыптау мен кәдеге жарату процесі іске асырылуда. Аудан орталығында күнделікті жинақталған қалдықтар сұрыпталып, оларды қайта өңдеуге мүмкіндіктер жасалуда. Қазіргі таңда тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында 7 адам жұмыспен қамтылған.



Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

21 мамыр 2025 ж. 134 0