Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол бойындағы жаңа қызмет көрсету кешені заманауи талаптарға сай

Жол бойындағы жаңа қызмет көрсету кешені заманауи талаптарға сай

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, облыстық мәслихат төрағасы, еңбек ардагерлерімен бірге Жаңақорған ауданындағы «Caspian Services Asia» ЖШС-нің жол бойындағы заманауи қызмет көрсету кешенінің жұмысымен танысты.

Жеке инвестор кешен құрылысына 1 млрд. теңге салған. Мұнда 64 адам жұмыспен қамтылған. Қонақ үй мен 60 адамға арналған жолаушыларға қызмет көрсету (автовокзал) орны бар. Былтыр құрылысы басталған нысанда бір мезетте 110 келушіге қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану орны қарастырылған. Сонымен қатар кешен аумағында жанармай құю бекеті де орналасқан.


Аймақ басшысы жаңа нысанды көріп, жол бойындағы қызмет көрсетудің озық тәжірибелеріне сүйеніп жұмысты жетілдіре түсу маңызды екенін атап өтті.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
19 қараша 2025 ж. 34 0