Сырдария ауданында деструктивті діни ағымдардың алдын алу мәселесі талқыланды
2025 жылғы 11 қараша күні Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ешниязов Нұржан Ерділдаұлының төрағалығымен мемлекеттік қызметшілер арасында деструктивті діни ағымдарға қарсы тұру және олардың ықпалының алдын алу мақсатында семинар-кеңес өтті. Семинар кеңеске аудан әкімдігіне қарасты мекеме басшылары және мемлекеттік қызметкерлері қатысты.
Іс-шара Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілі жұмыс жоспарының 2.8-тармағын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылды.
Кеңес барысында Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Бейбіт Смайлов «Деструктивті діни ағымдардан сақ болыңыз!» тақырыбында баяндама жасап, деструктивті діни ұйымдардың қоғамға, әсіресе жастарға тигізетін теріс әсерлері мен олардың идеологиялық тәсілдері туралы кеңінен түсіндірді.
Сонымен қатар, жиында мемлекеттік қызметшілердің іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, діни экстремизм мен радикализмнің алдыналу бағытында ақпараттық жұмыстарды күшейту мәселелері қаралды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға нақты ұсынымдар беріліп, діни тұрақтылықты сақтау және деструктивті ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.










