Менингит ауруы
Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Оралбай Сарсембай менингит ауруы туралы баяндады. Менингит – бұл ми мен жұлын қабықтарының қабынуы. Ол көбінесе бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар немесе паразиттер арқылы жұғады. Ауру кез келген жастағы адамдарда кездесуі мүмкін, бірақ балалар мен иммунитеті әлсіз адамдарда ауыр өтуі ықтимал.Менингиттің түрлері өте көп. Солардың бірі:
1. Бактериялық менингит – ең қауіпті түрі, тез дамиды және өлімге әкелуі мүмкін. Негізгі қоздырғыштары: Neisseria meningitidis, Streptococcus pneumoniae, Haemophilus influenzae.
2. Вирустық менингит – жеңілдеу өтеді және көбінесе өздігінен жазылады. Жиі кездесетін қоздырғыштары – энтеровирустар.
3. Саңырауқұлақтық менингит – сирек кездеседі, бірақ иммунитеті әлсіз адамдар үшін өте қауіпті.
4. Туберкулездік менингит – туберкулез қоздырғышынан пайда болады және ұзақ емдеуді қажет етеді.
Негізгі белгілері:
Бас ауруы
Дене қызуының көтерілуі
Құсу, жүрек айну
Мойынның құрысуы (иілмеуі)
Жарыққа және дыбысқа сезімталдық
Естің бұзылуы, құрысу
Жұғу жолдары:
Ауа-тамшы арқылы (жөтелу, түшкіру)
Ластанған су немесе тағам арқылы
Ауру адаммен жақын байланыста болу.
Менингиттің нақты түрін анықтау үшін жұлын сұйықтығын (ликвор) зерттеу қажет. Бактериялық менингит – антибиотиктермен емделеді. Вирустық менингит – арнайы емі жоқ, симптоматикалық ем жасалады. Саңырауқұлақтық менингит – антифунгальды препараттар қолданылады. Туберкулездік менингит – ұзақ уақыт туберкулезге қарсы дәрілермен емделеді. Бұл ауруды емдеу жолдары да қарастырылған. Ол үшін менингококк, пневмококк, гемофильді инфекцияларға қарсы вакцинация жасау. Жеке гигиена сақтап, иммунитетті нығайтып, ауруды алдын алуға болады. Егер менингит белгілері байқалса, тез арада дәрігерге қаралу керек! Ауру асқынған жағдайда мидың зақымдануына, комаға немесе өлімге әкелуі мүмкін.







