Баспасөз конференциясы ұйымдастырылып, өткізілді

Брифингке басқарманың брифинг спикері Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Құралай Омарова және бас маманы Рүстем Уәлибекұлы қатыстырылды.
Брифинг барысында ауа тамшылары арқылы берілетін Тұмау және ЖРВ-ның аудандағы эпидемиологиялық ахуалы жайлы, аурудың асқынуынан келетін қауіпті, аурудың алдын алу шаралары, қарсы екпе алу маңыздылығы туралы баяндалды. 2025 жылғы эпидмаусымға тұмау ауруына қарсы өндірушісі Ресей федерациясы Гриппол вакцинасының 3700 дозасы алынып, бүгінгі таңда 66,3 пайызға игерілді.
Тұмау ауруынан кейінгі асқынулар:
- ринит мұрынның шырышты қабатының қабынуы;
- отит құлақтың қабынуы;
- бронхитбронхылардың шырышты қабатта рының қабынуы;
- пневмонияөкпенің қабынуы;
- миокардит жүрек бұлшық еттерінің қабынуы;
- перикардит жүректің серозды қабатының қабынуы;
- миозит бұлшық еттердің қабынуы;
- пиелонефрит бүйрек ткандерінің қабынуы;
- менингит жұлын және бас миының қабынуы;
- энцефалит бас миының қабынуы.
Тұмауды алдын алу үшін:
1. Ең тиімді, сенімді жолы ол - тұмауға қарсы егілу (вакцинация);
2.Үйдің ауасын жиі желдету арқылы тазарту, бөлмелерді дымқыл шүберекпен сүртіп тазарту;
3. Бөлмелерді қалыпты температуралық режимде ұстау;
4. Жеке бас тазалығын сақтау;
5.Қолды жиі жуу немесе бір реттік ылғалды қол орамал пайдалану және беторамалдарды жиі ауыстыру;
6. Дене шынықтыру, таза ауада көбірек болу;
7. Құнарлы және сапалы тамақтану;
8. Әрбір 2 сағат сайын мұрынның шырышты қабаттарын оксолин майымен майлап отыру;
9. Халықтың жиі шоғырланатын жерінде болуды шектеу.
Тұмаудың алғашқы белгілері басталғаннан бастап өз бетіңізше ем жүргізбей, дәрігерге қаралу қажеттігін естен шығармаған жөн.