Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарағандыда вело түн өтеді

Қарағандыда вело түн өтеді


Қарағандыда бесінші рет «Вело түн» ойыны өтеді. Ұйымдастырушылар барлық ниет білдірушілерді шараға қатысуға шақырады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі karaganda-region.gov.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ең басында біз қауіпсіздік техникасы ережелерін түсіндіреміз. Қатысушылар жолдың көлік жүретін бөлігіне шықпайлары тиіс. Бірінші вело түн биылғы жылы 2-маусымда өтті, келесісі 30-маусымда өтеді», - ұйымдастырушы Антон Кнаус.
Маршрут қала орталығы бойымен өтеді. Командалар түрлі тапсырмаларды орындайды.
Қатысуға 18 жастан жоғары ойыншылар жіберіледі. Қатысу ақылы. Өздерінің велосипедтері бар адамдар 1500 теңге көлемінде төлемақы салса, жалға алатындар 2500 теңге төлеу қажет болады.
30 маусым 22.00-де «Мәңгілік алау» мемориалының жанында қатысушыларды тіркеу өтеді. Команда құрамына 5-тен 7 адамға дейін кіреді. Мәре таңғы сағат бесте жарияланады, 06.00-де марапаттау.

27 маусым 2018 ж. 886 0