Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы Шахмат үйіне барды

Мемлекет басшысы Шахмат үйіне барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Көкшетау қаласындағы Шахмат үйін аралап көрді, деп жазады Ақорда.



Бүгінде арнаулы орталықта оқу-жаттығу жиындары, гроссмейстерлердің шеберлік сағаттары ұйымдастырылып тұрады. Спортшылар беделді бәсекелер алдында осы жерде дайындығын пысықтайды.

Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турловтың айтуынша, көрікті табиғат аясындағы бірегей кешенде спортшылардың өз шеберлігін алаңсыз шыңдауына қолайлы жағдай жасалған. Соңғы жылдары шахмат «медаль көп әкелетін» спорт түріне айналды. Бы
лтыр отандық спортшылар халықаралық жарыстардан 160 медаль жеңіп алған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев жас спортшылармен және ұлттық құрама мүшелерімен әңгімелесу барысында мемлекет шахматты дамытуға, сондай-ақ балалар мен жастар арасында насихаттауға ерекше мән беретінін атап өтті. Президент аталған ойын стратегиялық тұрғыдан ойлауға машықтандыратынын, тәртіпті күшейтіп, төзімділік пен жауапкершілікке үйрететінін айтты.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы жас шахматшылармен суретке түсіп, шахмат тақтасына естелік жазба қалдырды.






Фото:Ақорда
17 қыркүйек 2025 ж. 76 0