Аудан әкімі Қазақстан шахмат федерациясының облыс бойынша атқарушы директорын қабылдады

Кездесу барысында ауданда шахмат спортын дамыту, жастар мен жасөспірімдер арасында зияткерлік ойындарды кеңінен насихаттау, сондай-ақ алдағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Султанкуль Ақмырзақызы аудан көлемінде шахмат үйірмелерінің жұмысын жандандыру, мектептермен, үйірме жетекшілерімен тығыз байланыс орнатып, шахмат сабақтарын жүйелі жүргізу және түрлі деңгейдегі турнирлер ұйымдастыру бағытындағы жоспарларымен бөлісті.
Аудан басшысы өз кезегінде аудан әкімдігі тарапынан мұндай игі бастамаларға әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізіп, зияткерлік спорт түрлерінің маңызын атап өтті. Сонымен қатар, шахмат үйірмелерінің жұмысын жүйелі жолға қою үшін барлық тиісті сала мамандарымен бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі