Экологиялық мәселелер талқыланды

Басқосуға жауапты салалардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары, халықаралық сарапшылар мен шетелдік компаниялардың өкілдері қатысты.
Аймақ басшысы өңірдің инвестициялық әлеуетіне, атқарылған жұмыстарға тоқталды.
«Екі Мемлекет басшыларының сарабдал саясаты нәтижесінде қазақ-қытай қарым-қатынасында сенімді экономикалық серіктестік пен табысты мәдени-гуманитарлық байланыстар қалыптасты.
Қытай Халық Республикасы – Қызылорда облысының ең ірі сауда серіктестерінің бірі. Өңірімізде қара және түсті металдардың, пайдалы қазбалар мен сирек кездесетін жер элементтерінің қорлары бар. Еліміздің ваннадий қорының 66%,-ы мырыштың 16%,-ы қорғасынның 11% және уранның 15%-ы Қызылорда облысында орналасқан.
Аймағымыздағы әлеуеті зор 61 инвестициялық жобаның тизерлерін қарастырып, медициналық өнімдер шығаратын
өндіріс орнын ашуға шақырамын. Сондай-ақ, Қызылорданың құрылыс саласындағы инвестициялық әлеуетін ескеріп, ламинат шығаруға қызығушылық танытудамыз. Облыс әкімдігі қажетті техникалық шарттарды алуға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын», – деді Н. Нәлібаев.
Басқосуда қоршаған ортаны қалпына келтіру, суды тазарту, өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу және қайталама шикізат негізінде құрылыс материалдарын өндіру бағытындағы жұмыстар да талқыланды.
Еділ Жаңбыршин қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін және жүйелі бақылауды талап ететінін атап өтті.
Қытайлық компаниялардың өкілдері сөз сөйлеп, қазақстандық кәсіпорындарда инновациялық шешімдерді енгізуге, қолданыстағы өндірістерді жаңғыртуға және экологиялық таза технологияларға негізделген жаңа өндірістерді құруға дайын екендіктерін білдірді.
Айта кетейік, 5-6 қыркүйекте Парламент Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті Қызылорда облысы әкімдігімен бірлесіп, жұмыс кеңесін өткізуде. Іс-шараның мақсаты – экологиялық заңнаманың жекелеген нормаларының орындалу барысын зерделеу, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Кеңесте Қызылорда облысындағы өзекті экологиялық мәселелер қаралуда.
Мәжіліс депутаттары мен шетелдік қонақтар өнеркәсіптік нысандарды, «Өндіріс» индустриялық аймағын, құрылысы қарқын алған газтурбиналық электр станциясын аралап көрді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі