Аймақ басшысы "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК АҚ басқармасы төрағасымен кездесті

“Биыл - этносаралық түсіністіктің үлгісін әлемге танытқан Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы. Осы мерейлі жылда жаңадан салынатын «Достық үйі» – өңір халқының бірлігі мен ынтымағын нығайтуға атсалысқан этномәдени бірлестіктерге арналған, барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген заманауи ғимарат болады. Бүгін өзіңіздің қатысуыңызбен оның іргетасын қалау рәсімі өтеді. Сізге және компания ұжымына Сыр жұртшылығының атынан шынайы алғысымызды білдіреміз”,– деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Кездесуде Мейіржан Юсупов екіжақты әріптестіктің алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдіріп, жоспарларын бөлісті.
Айта кетейік, «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының қажетті жабдықтарды сатып алу жүйесіне жыл сайын шамамен 3 мыңға жуық кәсіпкер қатысады. Соның ішінде қызылордалықтар үлесі – 7%, яғни шамамен 200 кәсіпкер. Облыста 65 мыңға жуық кәсіпкер жұмыс істейді, оның 4500-ге жуығының жұмысы өндіріске бағытталған.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі