Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде қанша күнге жететін жанар-жағармай бар

Елімізде қанша күнге жететін жанар-жағармай бар

2023 жылмен салыстырғанда жанар-жағармай материалдары нарығындағы жағдай жақсарды. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды Кaz.inform.kz.

Министрдің дерегінше, мұнай өңдеу зауыттарындағы, мұнай базалары мен жолдардағы дизель отынының жиынтық қорлары 612 мың тонна немесе 38 күнге, Аи-92 — 352 мың тоннаны немесе 30 күнге, Аи-95 — 86 мың тонна немесе 30 күнге жетеді.

Қор жанар-жағармай өндіруге және өңірлерден өтінімдер беруіне қарай толықтырылады.

Мұнайды қайта өңдеу тереңдігі және жеңіл мұнай өнімдерін өндіру 85-87 пайызға дейін ұлғайды.

5 мамырда Шымкент мұнай өңдеу зауытында жоспарлы күрделі жөндеу аяқталды.

Зауыт штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

«Осылайша, 2023 жылмен салыстырғанда жанар-жағармай материалдары нарығындағы жағдай жақсарды», — деді Алмасадам Сәтқалиев.

Оның атап өтуінше, кеңейту есебінен мұнай өнімдерін өндіруді ұлғайту бойынша мынадай жоспар бар:

— Ақтау битум зауыты 1-1,5 млн тоннаға дейін;
— Шымкент мұнай өндеу зауыты 6-12 млн тоннаға дейін;
— Атырау мұнай өндеу зауыты 5,5-6,7 млн тоннаға дейін;
— Павлодар мұнай-химия зауыты 5,5-8 млн тоннаға дейін.

«Осы жобаларды іске асыру ішкі нарықтың жанар-жағармай материалдарының өсіп келе жатқан қажеттілігін 100 пайыз қамтамасыз етуге, сондай-ақ мұнай өнімдерін көрші елдерге экспорттауға мүмкіндік береді», — деді ол.

Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
28 мамыр 2024 ж. 214 0