Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімінің гранты бөлінді

Облыс әкімінің гранты бөлінді

Қызылорда облысы әкімінің грантына 2025-2026 оқу жылына 100 маманға оқу ақысын және жүріп-тұру, тамақтану шығындарын ішінара өтеуге әлеуметтік көмек тағайындауға облыстық бюджеттен 104,1 млн. теңге қаражат бөлінді.

2025 жылдың 1 тамызда өткізілген студенттерді іріктеу бойынша үйлестіру Кеңесінің отырысымен:
Облыс әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен биылғы жылға 100 грантқа 104,1 млн.теңге бөлінді, оның ішінде Атап айтқанда:

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық университетіне жалпы медицина мамандығына – 15 грант, Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетіне дінтану және теология – 3 грант, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетіне 82 грант, оның ішінде азық-түлік өнімдерін өндіру – 7, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы – 7, агрономия – 12, су ресурстарын басқару – 10, жерді мелиорациялау, баптау және қорғау – 3, жерге орналастыру – 6, кадастр – 1, дәстүрлі музыка өнері – 6, хореография – 4, құрылыс – 12 (құрылысшы – 4, инженер құрылысшы – 2, жобалаушы инженер - 6), электр энергетикасы – 10, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері – 4 грант.

Облыс әкімінің грантына мемлекеттік грантқа іліге алмай қалған әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал топтарынан шыққан мектеп түлектері болып табылатын талапкерлер үміткер бола алады.

Құжаттарды қабылдау тамыз айының 15 дейін Қызылорда қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде қабылданатындығы хабарланады.


Өңірлік коммуникациялар қызметі


10 тамыз 2025 ж. 245 0