ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Жаңақорған мен Шиелідегі егіс алқаптарын аралады

Биыл аймақта 189,6 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның 80,9 мың гектары – күріш, бұл жалпы егіс көлемінің 42,6 пайызы. Қалғаны – суды аз қажет ететін майлы, малазықтық дақылдар, сондай-ақ картоп, көкөніс және бақша өнімдері.
Алқаптарды сумен қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша 324 насос қондырғысы іске қосылған. Оның 25-і ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің қолдауымен жеткізілді.
Шиелі ауданында 32 012 гектар алқапқа егін егілген. Басым бөлігін дәнді және малазықтық дақылдар құрайды. Сонымен қатар картоп, көкөніс, бақша өнімдері де бар. Күріш көлемі 12 300 гектар.
Аудандағы 161 шаруашылықтың 118-і күріш егумен айналысады. Қазіргі таңда 24 шаруашылық құрылымының алқаптарында 56 насос қондырғысы күріштіктерді суаруға пайдаланылуда.
Ал Жаңақорған ауданында ауыл шаруашылығы дақылдары 35 453 гектар жерге егілген. Мұнда да дәнді, малазықтық және бақша дақылдарының үлесі басым. Күріш егістігі 7 300 гектар.
Аудан бойынша егін шаруашылығымен 460 шаруашылық айналысса, соның 243-і күріш өсіреді. Жергілікті шаруашылықтардың су тапшылығы мәселесін шешу мақсатында 39 насос қондырғысы орнатылған. Қазір 10 шаруашылықтың алқаптарында 24 насос іске қосылып, күріш және көкөніс, бақша дақылдары суарылуда.
Қызылорда облысы әкімнің баспасөз қызметі
Фото: Қызылорда облысы әкімнің баспасөз қызметі