Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қыз алып қашу — енді «дәстүр» емес, қылмыс!

Қыз алып қашу — енді «дәстүр» емес, қылмыс!

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне жаңа 125-1-бап – «Неке қиюға мәжбүрлеу» енгізілді.

Бұл бап бойынша қалыңдық ұрлауға қатысты жауапкершілік бірнеше есе күшейтілді:

1-бөлім:
➤ 2000 АЕК-ке дейін айыппұл (~7,8 млн тг)
➤ немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

2-бөлім:
➤ Қорқыту, күш қолдану, кәмелетке толмағандарды тарту
➤ 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

3-бөлім:
➤ Жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келсе немесе өлім жағдайы болса — 5 жылдан 10 жылға дейін түрме жазасы қолданылады.

ЕНДІ ТАРАПТАРДЫҢ ТАТУЛАСУЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТПАЙДЫ!

Заң баршаға ортақ. “Дәстүр” деген – зорлықты ақтау емес.

Қыздың келісімінсіз неке — бұл құқық бұзу, ал алып қашу — қылмыс!



Фото: Н.Нұржаубай
#ҚалыңдықҰрлау #КражаНевесты #ҰлттықКомиссия
18 шілде 2025 ж. 245 0