Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімінің құттықтауы

Облыс әкімінің құттықтауы

Құрметті полиция қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби төл мерекелеріңіз – Полиция күнімен құттықтаймын!

Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Әділдік идеясы үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жоғары талап қойылып, зор жауапкершілік жүктеледі. Сіздер антқа адалдықтың және жұртқа жанашырлықтың озық үлгісін көрсетулеріңіз керек. Әрбір тәртіп сақшысының қызметін мінсіз атқарып, білікті маман, отаншыл азамат болуы өте маңызды», – деп атап өткен болатын.

Президентіміздің «Заң мен Тәртіп» қағидасын іске асыруда полиция қызметі мемлекеттік биліктің ең маңызды құрылымдарының бірі. Қоғамда құқықтық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде айрықша маңызға ие.

Елдегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтауда полиция қызметі Тәуелсіздігіміздің қастерлі міндеттеріне көлеңке түсірмей, берекелі бірлігіміз бен қауіпсіздігіміздің сақталуына өз үлестерін қосуда.

Бүгінде халықтың құқық қорғау органдарына сенімі артуда. Бұл антына адал азаматтардың жүйелі жұмысы мен жоғары жауапкершілігінің жемісі.

Алдағы уақытта да еліміздің өсіп-өркендеуіне аянбай қызмет етіп, әрдайым абырой биігінен көріне бергейсіздер.

Кәсіби мерекеде Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін!

Елдігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

23 маусым 2025 ж. 271 0