Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлік нысандарға көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Кәсіпкерлік нысандарға көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, аудандық полиция бөлімі қызметкерлері мен Тереңөзек кенті әкімі аппараты мамандары бірлесіп, аудан орталығында орналасқан бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралап, көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық сақтау және ғимараттарының қасбетін ретке келтіру бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жұмысшы топ Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 24 шілдедегі № 112 «Қызылорда облысындағы қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» шешімінің талаптары бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505-бабы бойынша шаралар қарастырылғандығы туралы кәсіпкерлік нысан иелеріне түсіндірді. Тиісті талаптар сақталмағанда айыппұлдар салынатыны ескертілді.

Тазалық – тәртіптің бастауы. Өз кәсіпкерлік нысандарының маңын, ауласын, көшесін жинап, шашылған қоқыстарды контейнерлерге тастау арқылы қоршаған ортаның тазалығына атсалысу – баршамыздың айнымас міндетіміз болып табылады.

Құрметті аудан кәсіпкерлері, баршаңызға көркейту-көгалдандыру, тазалық шараларына белсенді атсалысуға және сақтауға шақырамыз!

18 маусым 2025 ж. 183 0