Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 10 газет

07 ақпан 2026 ж.

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » МӘМС жүйесін жетілдіруге байланысты жиын өтті

МӘМС жүйесін жетілдіруге байланысты жиын өтті

Апта ағымында аудандық емхананың мәжіліс залында МӘМС жүйесіне байланысты арнайы жиын өткізілді. Жиынға аудан әкімінің орынбасы Димаш Байдушев, аудандық ауруханың бас дәрігері Жалғасбек Үсенов, салалық орынбасарлар, аймақтық дәрігерлер мен жауапты мамандар қатысты.

Өз кезегінде аудандық аурухананың бас дәрігері Жалғасбек Үсенов көпшілікке күн тәртібіндегі мәселені таныстырды. Ал аудан әкімінің орынбасары Димаш Серікбайұлы сөз алып, МӘМС жүйесін жетілдірлу барысында туындаған мәселелерді шешу жолдарын қарастыру керектігін жеткізді. Сонымен қатар күн тәртібінде көтерілетін мәселелердің маңыздылығын ескеріп, тұрғындарға түсіндірме жұмысын күшейту бойынша ұтымды ұсыныстар айтты.

Бұл ретте, “МӘМС жүйесінің Сырдария ауданында орындалуы” және “Сақтандырылмаған адамдар тізімін азайту” тақырынбында бас дәрігердің ішкі аудит және пациенттерді қолдау жөніндегі орынбасары Жұлдызай Баймишова баяндама жасады.

Жиын соңында әрбір аймақ бойынша сақтандырылмаған жандармен жұмысты күшейту бағыты талқыланды.

16 маусым 2025 ж. 490 0