Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Медицина қызметкерлері арасында өткен спартакиада қорытындыланды

Медицина қызметкерлері арасында өткен спартакиада қорытындыланды

Қызылордада медицина саласының ардагерлері Сағындық Шамшиевтiң 80 жас және Абдулла Шуленбаевтың 75 жас мерейтойларына арналған Қызылорда облысының медицина қызметкерлерінің дәстүрлі спартакиадасы өз мәресіне жеттi.

Қорытынды шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков қатысып, қатысушыларға алғысын білдіріп, жеңістерiмен құттықтады. Шараға одан бөлек сала ардагерлері мен емдеу ұйымдарының басшылары қатысты.

Айта кетейік, бiр айдан аса уақытқа созылған спорттық жарыста спорттың 9 түрінен ойын ұйымдастырылып, медицина ұйымдарынан барлығы 27 команда сынға түсті. Нәтижесінде облыстық психикалық денсаулық орталығының спорттық командасы I орын иеленсе, облыстық жедел жәрдем стансасы II орын, Қармақшы аудандық ауруханасының командасы III орын алды. Сондай-ақ жарысқа қатысқан барлық командаларға "Алғыс хаттар" мен ақшалай сыйлықтар табысталды.


Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
13 маусым 2025 ж. 492 0