Су айдындарын тазарту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда

– ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің 2025 жылғы 17 ақпандағы бұйрығына сәйкес, көктем мезгілінде жыл сайын «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы өткізіледі. Шараның мақсаты - су айдындарын қоқыстан және иесіз қалған балық аулау құралдарынан тазарту арқылы табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндеу. Биылғы акция наурыз–мамыр айлары аралығында республиканың барлық өңірлерінде ұйымдастырылды. 25-і сәуірде Қызылорда қаласы маңындағы Сырдария өзенінің жағалауында өткен тазалық жұмыстарына орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелері, ғылыми ұйымдар, еріктілер, студенттер мен БАҚ өкілдері қатысты. Сонымен қатар, Арал ауданындағы Кіші Арал теңізі мен Шардара су қоймасы аумағында да кең көлемде өткізілді. Жалпы, 267 адам, 47 техника және 2 шағын кеме тартылып, 10 дана ескі ау, 4 қармақ және 8,2 тонна тұрмыстық қалдық жиналды. Қызылорда облысы бойынша 203 адам мен 39 автокөлік жұмылдырылып, 4,9 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен бірге, «Уылдырық шашу» кезеңінде инспекция 85 заң бұзушылықты анықтап, оның 2-еуі қылмыстық іске тіркелді. 83 азаматқа 1 миллион теңге айыппұл салынып, табиғатқа келтірілген 566 мың теңге көлеміндегі залал өтелуде. 7 ау құралы мен 625 кг-нан астам заңсыз балық тәркіленді. Аталған шаралар табиғи ресурстарды қорғауға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі болып табылады. Алдағы уақытта да су айдындарының тазалығын қамтамасыз ету және экологиялық тәртіпті сақтау шаралары жалғасын табады, – деді, Ғабит Құдайбергенұлы.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі