Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Әрбір өмір маңызды!

Әрбір өмір маңызды!

Өздеріңізге белгілі, қазір­гі таңда суға шомылу маусымы бас­талды. Жалпы төтенше жағ­дай­­лардың түрі бойынша басты мәселе адамдардың судағы қазасы болып табылады.

Аудан аума­ғында суға көп шомылатын 6 қа­уіпті учаске анық­талса, одан бөлек 40-қа жуық белгіленбеген суға түсу орындары бар. Сонымен қатар, Тереңөзек кентінде «Қалғандария» демалыс аймағы болып бекітілген.

Өткен жылғы суға шомылу мау­сымында аудан аумағында суға батудың 2 фактісі (2023 жылы – 3) тіркелді, оның ішінде 1 (2023 жылы – 0) кәмелетке толмаған.

Суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуы болып табылады.

Атап айтсақ:
– өзен немесе каналдардың кез-келген, әрі зерттелмеген (ағысы жылдам, терең, жағалары тік жар) жерлеріне суға түсуі;
– спирттік ішімдік ішіп суға түсуі;
– балалардың ересектердің бақылаусыз су жағасына баруы мен суға түсуі және олардың жүзе білмегендігі қайғылы оқиғалар­ға әкеліп соқ­тыру­да.

Суда адам­дардың қаза болуының ал­дын алу мақ­­сатын­да бөлім қызмет­кер­­лерімен күн­делікті 12.00-20.00 аралығында Тереңөзек кентіндегі суға түсу­ге бейім орындарда кезекшілік ұйым­дастырылуда. Одан бөлек бөлім есебіндегі ұшқышсыз ұшу аппаратымен, яғни дронмен мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Белгіленбеген су айдындарында суға түскені үшін Қазақстан Респуб­ликасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412 бабында әкімшілік жауапкершілік көзделген. Бұл дегеніміз жеке тұлғаларға 7 айлық есептік көрсеткіш ретінде айыппұл салуға әкеліп соғады.

Құрметті ата-аналар, аудан тұрғын­дары! Алдағы демалыс уақыт­та қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау­­ларыңызды сұраймыз. Біз үшін әрбір өмір маңызды.

Сырдария аудандық ТЖБ
10 маусым 2025 ж. 310 0