Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықаралық деңгейдегі сенімді әріптес

Халықаралық деңгейдегі сенімді әріптес

Түркияға жасалған іссапар барысында "ORDA" жоғары колледжінің делегациясы SELÇUK ÜNİVERSİTESİ Технология факультетінің профессоры, халықаралық байланыстар бойынша координаторы Recai Kuş мырзаның бастауымен KONYA TEKNİK ÜNİVERSİTESİ TEKNİK BİLİMLER MESLEK YÜKSEKOKULU оқу орнына барды.

Оқу ордасының басшысы, профессор, доктор Mustafa Altın қонақтарды жылы қабылдап, колледждің материалдық-техникалық базасымен, өндірістік шеберханаларымен таныстырды. Сонымен қатар, ол құрылыс және сәулет бағытындағы оқу үдерісі, студенттердің тәжірибеден өту жүйесі туралы жан-жақты ақпарат беріп, арнайы ғылыми кітаптар сыйлап, сый-құрмет көрсетті.

Кездесу аясында екі білім ордасы арасындағы академиялық және мәдени ынтымақтастық, оқытушылар мен студенттер алмасуы, бірлескен ғылыми жобалар мен конференциялар өткізу сынды мәселелер талқыланды. Тараптар болашақтағы екіжақты қатынастарды дамытуға мүдделі екенін білдірді.

"ORDA" жоғары колледжі өкілдері аталған сапардың нәтижесі ретінде екі ел арасындағы академиялық байланыстың нығаятынына сенім білдіріп, профессор-доктор Mustafa Altın мырзаға және Konya Teknik Üniversitesi ұжымына алғыс айтты.



"ORDA" жоғары колледжі
Фото: Ашық дереккөзден
08 маусым 2025 ж. 149 0