Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқығын қорғау – басты міндеттердің бірі

Азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқығын қорғау – басты міндеттердің бірі

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша Департаментінің негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік қызмет саласындағы бақылауды жүзеге асыру.

Бұл ретте, азаматтармен бірге мемлекеттік қыз­метшілердің де құқықтарын қорғау, ал бұзылған жағ­дайда қалпына келтіру депар­таменттің негізгі қызмет бағыттарының бірі болып табылады.

Мысалы, 2025 жылдың қаңтар – мамыр айларында Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің шешімдері негізінде Кодекс талаптарын бұзғаны үшін 2 мемлекеттік қызметші, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін 3 мемлекеттік қызметші әр түрлі тәртіптік жазаға тартылса, 1 тәртіптік істің қаралуы тоқтатылған.

Атап айтсақ, Департаменттің қарауына түскен Шиелі ауданының тұрғыны аз-ша Е.-ның шағымы негізін­де Қызылорда облысының білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімі басшысының әрекетіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Өз кезегінде, шағым иесі аудандық білім бөлімі басшысының жеке қабылдауында болған кезде оның дөрекілік танытып, ар-намысына тиетін сөздер айтып, сыпайылық танытпағаны үшін шара көруді сұраған.

Аталған уәждерді нақтылау мақсатында бөлім басшысынан түсініктеме алынып, онда ол аз-ша Е.-ның шағымында көрсетілген уәждерімен
келіспейтінін көр­сеткен.

Дегенмен, аз-ша Е.-мен ұсынылған аудиожазбаны зерделеу барысында аудандық бөлім басшысы тарапынан әдептілік нормаларын сақтамағаны белгілі болды.

ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің 6-тармағының 4) тармақ­шасында мемлекеттік қызмет­шілерге азаматтармен қарым-қатынаста әдеп­тілік таныту, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеу, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмауы тиіс делінген талаптар қойылған.
Яғни, тексеру нәтижесінде жи­нақ­­талған дәлел­дер­мен бөлім басшы­сы­ның мемлекеттік қызмет­шілердің әдеп кодексінің талаптарын бұзылуына жол бергендігі анықталды.

Аталған факті бойынша бөлім басшысына қатысты тәртіптік іс қозғалып, Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралып, кеңес шешімімен оған «ескерту» түріндегі тәртіптік жазаны қолдану ұсынылды.

Шешімді қарау нәтижесімен Қызыл­орда облы­сының білім басқар­масы басшысының 2025 жылғы 14 мамырдағы №50-ж/қ бұйрығымен аудандық бөлім басшысына «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қол­данылды.

Сөйтіп, Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен аз-ша Е.-ның бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, Департаментпен мемлекеттік орган­дардың тәртіптік тәжірибесіне тоқсан са­йын талдау жұмыстары жүргізіліп келеді. Талдаудың нәтижесімен 4 мемлекеттік қызметшіге қатысты заңсыз қабылданған тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтардың күші жойылып, олардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Бұдан бөлек, жұмыс уақыты режимінің бұзы­луының алдын алуға және оған жол бермеу мақса­тында 11 мониторинг жүргізіліп, 11 үстеме жұмыс жасау фактісі анықталды. Департаменттің хаты негізінде 51 мемлекеттік қызметшінің бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, оларға
117 сағат демалыс сағат­тары берілді.

Сондай-ақ, Департаментпен 2024 жылдың қоры­тын­дысымен жергілікті атқарушы органдардың мем­лекеттік қызметшілеріне сыйақы беруде заң­­­ды­­­­л­ық­­тар­дың сақталуына талдау жүргізілді.

Талдау нәтижесімен 6 мемлекеттік қызметшіге негізсіз сыйақы берілме­гендігі анықталып, олардың құқық­тарының бұзылуына жол берілгендігі анықталды.

Аталған мәселе, Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесте қаралып, қабылданған шешім негізінде 6 мемлекеттік қызметшіге сыйақы төленді.

Департамент алдағы уақытта да өз міндеттеріне сәйкес мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама­лардың сақталуын бақылаумен қатар азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің де құқықтарының бұзылмауын қада­ғалайтын болады.

Е.Ж.Мендалиев,
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Қызылорда облысы
бойынша департаментінің
басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы
Фото: Н.Нұржаубай

03 маусым 2025 ж. 286 0