Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Маслихат аппаратының басшысы тәртіптік жазаға тартылды

Маслихат аппаратының басшысы тәртіптік жазаға тартылды

Қазалы аудандық маслихаты аппаратының басшысы мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтарға жол бергені үшін тәртіптік жазаға тартылды.

Бұл туралы шешім Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында қабылданды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Батыс аймағы бойынша ауданаралық басқармасы ұсынған материал негізіндеҚазалы аудандық маслихат аппаратының басшысына тәртіптік іс қозғалып, оныңәрекетіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген.

Қызметтік тергеп-тексеру барысында,маслихат аппаратының басшысытуыстарының материалдық мүдделерін қанағаттандыру мақсатында,өзінің тікелей лауазымдық өкілеттіктеріне жер мәселесі шешу құзыреттілігіне кірмеседе «Қызылорда газ» ЖШС директорына жер учаскесін сату үшін 2500000 теңге алып, жер учаскесінің құжаттарын ресімдеп беруге уәде бергендігі және ол бойынша қолхат жазғандығы анықталған.

Яғни, маслихат аппаратының басшысы лауазымдық өкілеттіліктерін жақын туыстарының материалдық мүдделерін қанағаттандыруға пайдаланып,өзінің іс-әрекетіменҚР мемлекеттік қызметі туралы Заңының 50-бабының 1-тармағының 2-тармақшасында көзделген талаптарын бұзған.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері тәртіптік істің материалдарын жан-жақты қарап, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтарға жол бергені үшінкөпшілік дауыспен Қазалы аудандық маслихаты аппаратының басшысына «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» тәртіптік жазасын қолданутуралы шешім етті.


ҚР МҚІА Қызылорда облысындағы
Әдеп жөніндегі кеңесінің хатшылығы
05 қазан 2020 ж. 310 0